“Мияулап, үрген“. Желідегі әзіл видеодан кейін ұшқыштар тексерілмек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кескін нейрожелі көмегімен жасалған

АҚШ-та ұшақтағы оғаш оқиға талқыланып жатыр: диспетчерлермен апаттық жиіліктегі байланыс кезінде эфирден "мияулаған" және "үрген" дыбыстар естілген. Жазба әлеуметтік желілерде тез тарап, миллиондаған қаралым жинады. Желі қолданушылары бұны әзіл ретінде қабылдағанымен, авиация үшін мүлде олай емес. Tengri Travel не болғанын баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-та ұшақтағы оғаш оқиға талқыланып жатыр: диспетчерлермен апаттық жиіліктегі байланыс кезінде эфирден "мияулаған" және "үрген" дыбыстар естілген. Жазба әлеуметтік желілерде тез тарап, миллиондаған қаралым жинады. Желі қолданушылары бұны әзіл ретінде қабылдағанымен, авиация үшін мүлде олай емес. Tengri Travel не болғанын баяндайды.

Бәрі қалай басталды?

ABC News мәліметінше, оқиға 12 сәуірде Вашингтон штатындағы Рейган әуежайында болған. Басылым мәліметінше, ерекше дыбыстар ұшқыштар мен диспетчерлер арасындағы келіссөздерді бақылау жүйесіне жазылып қалған.

Реклама
Реклама

Аудиожазбада радиобайланыс кезінде ұшқыштардың бірі жануарларға еліктеп, "мияулап" және "үргені" естіледі.

Диспетчерлер ескерту жасағанымен, эфирде әлгі дыбыстар қайталанған.

"Міне, сондықтан сендер әлі күнге дейін өңірлік рейстерде ұшып жүрсіңдер", - дейді әріптестерінің бірі.

Анықтама: "RJ" (Regional Jet) өңірлік реактивті ұшақты білдіреді. Әдетте, АҚШ-тағы көптеген жас ұшқыштар мансабын дәл осы өңірлік әуекомпаниялардан бастайды.
@tengrinewskz

АҚШ-та ұшқыштар диспетчерлермен байланыс кезінде "мияулап" және "үре" бастаған. Оларды келіссөздерді бақылау жүйесі жазып алған. Диспетчер бұған жауап ретінде "сондықтан да сендер әлі күнге дейін өңірлік авиажелілерде ұшып жүрсіңдер" деп қалжыңдаған. АҚШ-тың Федералды авиация басқармасы тексеріс бастады. Өйткені бұл жиілік қызметтік және шұғыл хабарламаларға арналған.

♬ түпнұсқа дыбыс - Tengrinews.kz

Желідегі реакция

Видео миллиондаған қаралым жинады. Желі қолданушыларының бір бөлігі жағдайға әзілмен қараған. Ал басқалары, керісінше, ұшқыштардың әрекетін кәсібилікке жатпайды деп есептейді.

"Негізі қызық, бірақ апаттық жиілікте емес", "Ал егер қалжыңсыз айтсақ, оларға айыппұл салынды ма, жоқ па?", "Шын мәнінде бұл жерде күлетін де, қызығатын да ештеңе жоқ", "Ең жақын досыңмен бір жұмысқа орналасқанда", - деп жазып жатыр пікір қалдырушылар.

Ұшқыштар жазалана ма?

АҚШ-тың Федералды авиация басқармасы жазбаның түпнұсқа екендігі алдымен тексерілетінін хабарлады, себебі ол бөгде ресурста жарияланған. Содан кейін ғана ықтимал тексеріс пен алдағы шаралар туралы шешім қабылданады.

FAA апаттық жиіліктер тек жұмыс бабындағы және шұғыл хабарламаларға арналғанын, онда кез келген "бөгде" әңгімелерге жол берілмейтінін ескертті.

Бұл оқиғаның қандай салдары болатыны әзірге белгісіз.

TengriTravel

Реклама
Реклама