Мысырда мейрамханалар мен дүкендерге қойылған шектеулер жойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Мысыр билігі коронавирусқа қарсы күрес аясында мамырдың басында енгізілген шектеулерді алып тастап, мейрамхана, дәмхана, сауда орталықтары мен дүкендерге әдеттегі жазғы жұмыс кестесіне оралуға рұқсат берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мысыр билігі коронавирусқа қарсы күрес аясында мамырдың басында енгізілген шектеулерді алып тастап, мейрамхана, дәмхана, сауда орталықтары мен дүкендерге әдеттегі жазғы жұмыс кестесіне оралуға рұқсат берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Шешім Коронавируспен күрес жөніндегі жоғары комиссияның 30 мамырдағы отырысының қорытындысы бойынша қабылданды. Бұл туралы премьер-министрдің кеңсесінен Мұстафа Мадбули мәлімдеді.

1 маусымнан бастап дүкендер сағат 07.00-ден 23.00-ге дейін, дәмханалар таңғы 05.00-ден түнгі 01.00-ге дейін жұмыс істейді.

Бұған дейін комиссия 6 мамырдан бастап дүкендерді, мейрамханаларды, дәмханалар мен кинотеатрларды қысқартылған жұмыс кестесіне - сағат 21.00-ге ауыстырған болатын.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная