Мысырда туристер шағымы үшін жедел желі ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысырда туристер шағымы үшін жедел желі ашылды © pixabay.com/Souza_DF

Мысыр билігі елдегі қызмет көрсетуге көңілі толмағандар үшін туристерге арнап жедел желі іске қосты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Independent басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысыр билігі елдегі қызмет көрсетуге көңілі толмағандар үшін туристерге арнап жедел желі іске қосты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Independent басылымына сілтеме жасап.

Мысырдың турагенттер ассоциациясы (ETAA) жеделі желі іске қосылғаны туралы мәлімдеді. 19654 телефон нөміріне немесе [email protected] электронды мекенжайына жергілікті және шетелдік туристер шағымдары мен ұсыныстар қалдыра алады.

Ұйым үндеуінде мәселелердің жедел шешілуіне сеп болатынын айтқан. Туризм және көне заман министрінің орынбасары Гада Шалаби қызметтің тәулік бойы істейтінін мәлімдеді.

Сонымен қатар, ведомство қонақүйлермен жедел желі нөмірінің барлығына көрініп тұратын жерде іліп қоюын келіскен. Сондай-ақ телефон нөмірі мен электронды мекен-жай барлық туристік және археологиялық нысандарда болуы тиіс.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;