Мысырлық курортта туристерді тасыған кеме суға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысырлық курортта туристерді тасыған кеме суға кетті Фото: depositphotos.com

Хургадада туристерді дайвингпен айналысуға қолайлы аймаққа апара жатқан кеме суға кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Mogaz Masr басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хургадада туристерді дайвингпен айналысуға қолайлы аймаққа апара жатқан кеме суға кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Mogaz Masr басылымына сілтеме жасап.

Катердің бортында 16 турист және капитан болған. Кеме суға кете бастағанда дабыл сигналы берілген.

Жақын маңда жүрген қайықтар оқиға орнына жетіп, адамдарды судан шығарып алған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.

Осы оқиғаға қатысты құзырлы органдар тергеу бастаған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;