Нячангқа шыққан ұшақ Астанаға шұғыл оралды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нячангқа шыққан ұшақ Астанаға шұғыл оралды Фото:depositphotos.com

Астана – Нячанг бағытында ұшып шыққан VietJet Air жолаушылар ұшағы жексенбі, 24 тамызда Қазақстан астанасына қайта оралды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана – Нячанг бағытында ұшып шыққан VietJet Air жолаушылар ұшағы жексенбі, 24 тамызда Қазақстан астанасына қайта оралды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Flightradar деректеріне сәйкес, әуежайға қайтпас бұрын ұшақ Қарағандының үстінде айналып жүрген.

Оқиғаға байланысты Астана әуежайының баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Әуе кемесін ұшып шыққан аэродромға қайтару туралы шешімді экипаж командирі авиациялық ережелерге сәйкес және жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі үшін қабылдады", – деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Әуежайдың рейсті қабылдауға қажетті барлық жағдайды қамтамасыз еткені айтылды: қону штаттық режимде өтті, әуе кемесін қызметпен қамтамасыз ету үшін барлық қызмет жұмылдырылған.

Баспасөз қызметі ұшақ бортында 348 жолаушы болғанын нақтылады.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, Вьетнам билігі орталық провинциялар — Тханьхоа, Куангтри, Хюэ және Данангтан жарты миллионнан астам адамды эвакуациялау жоспарын жариялаған, сондай-ақ күшейіп келе жатқан "Кадзики" тайфунын күту үшін кемелерге порттарда қалдырылған. Тайфун дүйсенбіде таңертең жағалауға жетеді деп болжанып отыр.

Қытай ұлттық метеорологиялық орталығының деректері бойынша, дауыл жексенбі кешке Хайнань аралдық провинциясының оңтүстік жағалауына соғып, кейін Вьетнамға қарай бағытталады.

БАҚ ақпаратына сәйкес, Vietnam Airlines әуекомпаниясы жексенбі және дүйсенбіде орталық қалаларға және кері бағыттағы кемінде 22 рейсті кері қайтарған. Сондай-ақ VietJet Air әуе тасымалдаушысы рейстердің тоқтатылуы мен кешігуі туралы хабарлады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;