Оңтүстік Америкада жолаушылар ұшағы әуеге көтерілгенде есігі жұлынып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Латын Америкасының бір елінде жолаушылар ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін 10 минуттан соң есігі жұлынып кетті. Бұл туралы Чилидің "T13" телеарнасы хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Латын Америкасының бір елінде жолаушылар ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін 10 минуттан соң есігі жұлынып кетті. Бұл туралы Чилидің "T13" телеарнасы хабарлады.

Оқиға 12 желтоқсанда Наварино аралындағы кішігірім Пуэрто-Уильямс қаласында болған. Beechcraft King Air-100 ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін, ұшу кезінде апатты есігі жұлынып қалған. Куәгерлер түсірген видеода лайнердің су үстінен есіксіз ұшып бара жатқаны және жолаушылардың мәз болғанын байқауға болады.

Сөйтіп, ұшқыш ұшып шыққан әуежайына апатты жағдайда қонуына тура келген. Оқиға кезінде ұшақта тоғыз жолаушы және екі экипаж мүшесі болғаны айтылады. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, алайда міндетті қонудан кейін ұшақ аэродромда қалған.

Телеарна мәліметінше, қазіргі уақытта әуекомпания оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная