Пхукетте теңіз суы не себепті қарайып кеткені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: DMCR Фото: DMCR

Желіде Пхукеттің Карон жағажайында түсірілген сурет тарады. Суретте жағажайдағы бұрын мөп-мөлдір болып тұрған су қарайып кеткен. Онымен қоса теңізге жағымсыз иісі бар бұлақ ағып тұрғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Желіде Пхукеттің Карон жағажайында түсірілген сурет тарады. Суретте жағажайдағы бұрын мөп-мөлдір болып тұрған су қарайып кеткен. Онымен қоса теңізге жағымсыз иісі бар бұлақ ағып тұрғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Phuket News басылымы мәліметінше, демалуға келген туристер Карон жағажайы арқылы теңізге аққан қап-қара бұлақты көріп шошыған.

Алайда Карон мэрі Джадет Вичарасорн осы оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, "бұлақтың түсі еш қауіп төндірмейтініне" сендірді. Сөзінше, бұлақтан аққан су мөп-мөлдір. Судың түсі жақын маңдағы Нонг Хан тоғанындағы шөгінділердің теңізге түсуі салдарынан өзгерген.

"Су ластанбағанын тағы да айтып өткім келеді. Ластанған болса, ол теңіз жағалауындағы судың барлығын қарайтып жіберер еді", - деп атап өтті ол.

Қарапайым сөзбен айтқанда, теңіз толқыны жағажайды басқанда тоғандағы суға дейін жетеді. Кейін шөгінділерге толы су теңізге қосылып оның түсін өзгертіп жібереді.

Туристердің алаңдаушылығын сейілту мақсатында Джадет Вичарасорн жағажайдағы суды тексеруді тапсырды. Тексеріс нәтижесі бойынша судың мөлдір әрі иіссіз екені расталды. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін жергілікті билік тоған қасынан шұңқыр қазу мәселесін қарастырып жатыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная