Португалия "цифрлық көшпенділер" үшін арнайы виза енгізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

pixabay.com pixabay.com

30 қазаннан бастап Португалия "цифрлық көшпенділер" үшін визаның жаңа түрін енгізеді. Бұл Португалияда емес компанияларда қашықтан жұмыс істейтін адамдарға арналады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі euronews.com сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

30 қазаннан бастап Португалия "цифрлық көшпенділер" үшін визаның жаңа түрін енгізеді. Бұл Португалияда емес компанияларда қашықтан жұмыс істейтін адамдарға арналады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Мұндай виза Еуропалық Одаққа немесе Еуропалық экономикалық аймаққа кірмейтін елдердің азаматтарына беріледі. Осылайша, шетелдіктер 12 айға дейін елде қашықтан жұмыс істей алады және заңды түрде өмір сүре алады.

Өтініш беру үшін үміткерлер айына кемінде 2800 еуро (1 297 107 теңге) табуы керек, бұл Португалиядағы ең төменгі жалақыдан төрт есе көп. Сондай-ақ, салықтық резиденттікті растауға, жұмысқа орналасу туралы мәліметтер мен кірістерді растауға тура келеді.

Португалия қашықтан жұмыс істеуге арналған ең жақсы орындардың тізімінде жиі айтылады: ірі қалаларда көптеген коворкингтер бар және ел Wi-Fi жылдамдығы бойынша әлемде 17-орында.

Бұған дейін "цифрлық көшпенділерге" арналған визаларды Еуропаның басқа елдері - Хорватия, Исландия және Грекия енгізген болатын.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная