Прагада ерекше туристік карта пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прагада ерекше туристік карта пайда болды Фото: pixabay.com

Прагада, Чехия астанасының аса танымал емес 20 көрікті жері туралы ақпарат жарияланған сайт ашылды. Бұл туралы ЕвроПульс жазды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прагада, Чехия астанасының аса танымал емес 20 көрікті жері туралы ақпарат жарияланған сайт ашылды. Бұл туралы ЕвроПульс жазды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы. 

Жинаққа ашық аспан астындағы қызықты орындар - саябақтар, бақтар, биіктен қарау алаңдары, зообақтар кірді.

Туристер бұл сайттан қысқаша сипаттама, фотосуреттер, мекенжай және маршрут нұсқаларын таба алады. Ақпарат ағылшын және чех тілдерінде жазылған.

Қала әкімшілігі бұл сайт алдағы айларда қала тұрғындары мен аздаған туристерге коронавирус жұқтыру қауіпінсіз қаланы серуендеуге көмектеседі деп үміттенеді.

Жалпы, мұндай тізім саяхатшылар үшін пандемиядан кейін де пайдалы болады.

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;