Ресей әуежайында 74 жастағы қазақстандық әйел екі полицейге шабуыл жасаған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей әуежайында 74 жастағы қазақстандық әйел екі полицейге шабуыл жасаған Фото:depositphotos.com

Ресейде сот Орынбор әуежайында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деген күдікпен 74 жастағы қазақстандықты қамауға алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде сот Орынбор әуежайында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деген күдікпен 74 жастағы қазақстандықты қамауға алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Сот мәліметінше, зейнеткер әйел Ресейге автокөлікпен кіріп, қызына бара жатқан. Ол сапарын әуе рейсімен жалғастырмақ болған. Алайда қол жүгін тексеру кезінде бес литрлік май құтысын алып өтпек болғаны анықталған. Тасымалдау ережелері түсіндірілген сәтте әйел агрессия танытып, екі құқық қорғау қызметкері зардап шеккен.

Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындамай, өкініш білдірмеген. Жасы ескеріліп, бастапқыда балама бұлтартпау шаралары – кепіл немесе үйқамақ ұсынылғанымен, әйелдің тәртіпке бағынудан бас тартқаны және елден жедел кетуді жоспарлағаны туралы деректер назарға алынған.

Осыған байланысты сот қазақстандық азаматшаны екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема
;