Ресей шекарадан өту талаптарын өзгертті: нені білу керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

1 желтоқсаннан бастап Ресейде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін шекарадан өту ережелерінің жаңартылған нұсқасы күшіне енеді. Негізгі өзгерістер биометриялық деректерді жинауға және елге бару туралы алдын ала электрондық хабарламаға қатысты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

1 желтоқсаннан бастап Ресейде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін шекарадан өту ережелерінің жаңартылған нұсқасы күшіне енеді. Негізгі өзгерістер биометриялық деректерді жинауға және елге бару туралы алдын ала электрондық хабарламаға қатысты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ресей үкіметінің қаулысына сәйкес, 2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап жаңа кіру және шығу қағидаларын тексеруге арналған эксперимент басталады. Ол 2026 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады және қажетті техника болған жағдайда барлық өткізу бекетінде жүзеге асырылады.

"Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Ресей Федерациясына кіру және шығу ережелері мен шарттарын тексеру үшін эксперимент жүргізу... Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар көрсетілген өткізу пункттері арқылы Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасынан өткен кезде олардың биометриялық жеке деректерін жинау мақсатында", - делінген құжатта.

Реклама
Реклама

Биометрияны міндетті тапсырудан Беларусь азаматтары, алты жасқа дейінгі балалар, дипломаттар және халықаралық ұйымдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері босатылған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная