Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы жаңа әуекомпания ашпақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Сальман әл Сауд жаңа Ar-Riyadh Airlines әуекомпаниясын құратынын жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Reuters басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Сальман әл Сауд жаңа Ar-Riyadh Airlines әуекомпаниясын құратынын жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Reuters басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 2030 жылы тасымалдаушы компания әлемнің 100-ден аса қаласына ұшуды көздеп отыр. Әзірге қай бағыттар бойынша ұшатыны айтылмаған.

Әуетасымалдаушы компанияны Сауд Арабиясының тәуелсіз қоры бақылайды. Компанияның директорлар кеңесіне Ясир әл Румайян қорын басқарушылар және Біріккен Араб Әмірлігінің Etihad Airways әуекомпаниясының экс-бас директоры Тони Дуглас кіреді.

Компания басшылығы өңірлік көлік және туристік тораптарға лайықты бәсекелестік орнатуға үміті. Жаңа әуекомпания Сауд Арабиясының мұнайдан түсетін қаражаттан бөлек ЖІӨ өсуіне 20 миллиард доллар қосып, 200 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етеді деп күтіледі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная