Шенген визаларын беретіндер қатарына тағы екі ел қосылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/dnovac © pixabay.com/dnovac

Румыния мен Болгария 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап қысқамерзімді Шенген визаларын бере бастайды. Бұл туралы ЕуроОдақтың ресми дереккөздеріне сілтеме жасай отырып Schengenvisainfo мәлім етті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Румыния мен Болгария 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап қысқамерзімді Шенген визаларын бере бастайды. Бұл туралы ЕуроОдақтың ресми дереккөздеріне сілтеме жасай отырып Schengenvisainfo мәлім етті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Аталған визаға қол жеткізгендер Шенгенге мүше мемлекеттерге барып, онда 90 күнге дейін қалуға құқылы.

Мұндай бастама ЕО Кеңесінің шешімімен тығыз байланысты екені атап өтілді. Оған сәйкес 2024 жылдың наурызынан бастап теңіз және әуе шекараларында Румыния мен Болгария үшін Шенген аймағындағы шекаралық бақылауды жою туралы шешім қабылданған. Бұл ретте екі елдің Шенген визаларын бере бастайтынын куәландыратын құжат әзірге ресми түрде ұсынылмады.

Айта кетейік, бұған дейін 2023 жылдың желтоқсанында ЕО Болгария мен Румынияны кезең-кезеңімен Шенгенге біріктіру туралы шешім қабылдаған болатын. Еурокомиссия атап өткендей, бұл қадам сапарларды, сауданы, туризмді ынталандырып қана қоймай, ішкі нарықты да күшейтеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная