Стюардессаның қателігінен жолаушы опат бола жаздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay © pixabay

Ирландиялық Aer Lingus әуекомпаниясының жолаушысы стюардессаның қателігінен опат бола жаздады. Бұл туралы Daily Dot басылымы қыз баланың TikTok-аккаунтына сілтеме жасап хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Ирландиялық Aer Lingus әуекомпаниясының жолаушысы стюардессаның қателігінен опат бола жаздады. Бұл туралы Daily Dot басылымы қыз баланың TikTok-аккаунтына сілтеме жасап хабарлады.

Блогер қыздың айтуынша, оқиға АҚШ-тан Францияға ұшып шыққан ұшақ бортында болған. Үшақ әуеге көтерілгенде стюардесса ыстық тағам ұсынған. Ол тағамның құрамында жаңғақ жоғын айтып, аллергияны қоздырмайды деп сендірген. Алайда тағамды ішіп жатқан кезде, бірнеше секундтан соң апалы-сіңілілердің біреуі ісініп кеткен. 

Алайда бортсерік қыз баланың денсаулығы нашарлағанына қарамастан еш әрекет істемей, тағам құрамында 100 пайыз жаңғақ жоғына кепілдік бере алмайтынын жеткізген. Кейінірек блогер экипаж мүшелерінен екінші бәлішті сұраған, өйткені жоғары көміртек өнімдерін қолдану аллергиялық реакцияның әсерін бәсеңдетуі мүмкін, бірақ стюардесса одан бас тартқан. 

Осыдан кейін блогердің сіңілісі антигистаминный препарат қабылдаған, сосын ісік қайта бастаған. "Ең қорқыныштысы біз 40 мың фут биіктікте болдық. Ешкім бізге көмектеспейтінін аңғардық, сіңілімнің көз алдымда өлгенін көруіме тура келетінін еді", - дейді ол. 

Пікір қалдырушылар бортсеріктің әрекетін жауапсыздық деп бағалады. Өйткені ол өзі ұсынып жатқан тағам құрамында не бар не жоғын білуі тиіс. "Стюардессаның осы жағдайыдың қауіпті екенін сезбегені нағыз бассыздық", "Жауапсыздығы үшін жұмыстан босату керек", "Ешкім көмектеспеді ме? Рас айтасыз ба? Сұмдық жағдай!", "Сотқа беріңіз", "Әуекомпания мамандарының қызмет көрсетуі өте төмен", - деп жазды олар. 

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная