Таиланд Қазақстан азаматтары үшін 30 күндік визасыз режим енгізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/sasint © pixabay.com/sasint

Таиланд билігі 25 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Қытайдан келетін туристер үшін 30 күндік визасыз режим енгізеді. Бұл туралы корольдік премьер-министрі Сретта Тависин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Thaipbsworld басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Таиланд билігі 25 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Қытайдан келетін туристер үшін 30 күндік визасыз режим енгізеді. Бұл туралы корольдік премьер-министрі Сретта Тависин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Thaipbsworld басылымына сілтеме жасап.

Қытай мен Қазақстанның 30 күндік визасыз режим алуының себептері әр түрлі екен.

"2023 жылдың алғашқы жеті айында Қытайдан келетін туристер саны межеге жетпей қалды, ал қазақстандық туристер елдегі қыс мезгілінің суық болуына байланысты жеңілдікке ие болған", - деп жазады басылым премьер-министрдің сөзін.

Кейін Таиландтың туризм және спорт министрі Судаван Хоуп Суфакикосон визасыз режим тек 25 қыркүйектен 2024 жылдың 29 ақпанына дейін екенін атап өтті.

Оның айтуынша, жаңа ұсыныс туристер ағынын 30 пайызға көбейтеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная