Таиланд туристер үшін шектеулерді жеңілдетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Таиландтағы коронавирус жағдайын басқару орталығы шетелдік туристердің келуін жеңілдететін тағы бір шешім шығарды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Таиландтағы коронавирус жағдайын басқару орталығы шетелдік туристердің келуін жеңілдететін тағы бір шешім шығарды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek сайтына сілтеме жасап.

Олар ұшуға дейін ПТР тексерулерінен өтудің қажеті жоқ, ал SHA Extra Plus жүйесінің қонақүйлерінде өзін-өзі оқшаулау мерзімі 7-ден 5 күнге дейін қысқарады. Бірінші жеңілдік барлығына, екіншісі патшалықта Sandbox және Alternative Quarantine бағдарламалары бойынша демалатын қонақтарға әсер етеді.

Осылайша, Тайландқа сәуірден бастап кіру үшін Thailand Pass рұқсатын алу, келген кезде COVID-19 тестінен өту және мемлекетте болған бесінші күні жедел тест жасау жеткілікті болады. 1 мамырдан бастап "кіру" ПТР-тексерісі қарапайым экспресс-тестілеумен ауыстырылады деп күтілуде. Тағы бір айдан кейін Таиланд билігі барлық антивирустық шектеуді, соның ішінде вакцина алмаған шетелдіктерге арналған карантинді жоюға ниетті. Мұндай жоспар патшалықтағы эпидемиологиялық жағдай одан ары жақсарған жағдайда жүзеге асырылады.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная