Таиланд туристік алым енгізуді тағы шегерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Unsplash Фото ©Unsplash

Таиландта туристік алым 2022 жылдың төртінші тоқсанына дейін енгізілмейді. Бұл туралы елдің туризм және спорт министрлігінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Travelmole сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Таиландта туристік алым 2022 жылдың төртінші тоқсанына дейін енгізілмейді. Бұл туралы елдің туризм және спорт министрлігінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Travelmole сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін 300 бат (шамамен 4 000 теңге) мөлшеріндегі туристік алым 1 сәуірден бастап енгізілмек болған. Бірақ маусымға ауыстырылды. Көктемде шара туроператорлардың одан бас тартуға шақыруы аясында тағы кейінге қалдырылған.

Жиналған 300 баттың 20 пайызы жазатайым оқиға жағдайында 500 000 бат (6 665 000 теңге) және турист қайтыс болған жағдайда 1 миллион бат (13 330 000 теңге) мөлшерінде өтеуді қамтамасыз ететін сақтандыруға жұмсалады деп болжанды. Өтемақы 45 күн ішінде беріледі.

Қазір туризм министрі Пхипхат Ратчакитпракарн туристік алымға қатысты қосымша зерттеулер қажет деп мәлімдеді. Сондай-ақ, агенттік шетелден келгендердің санын көбейту үшін Thai Pass-ты (елге келгенге дейін олардың сапарлары мен денсаулығы туралы мәліметтерді енгізу қажет саяхатшыларға арналған веб-жүйе) тоқтатуды ұсынды. Бұл мәселе COVID-19 жағдайды басқару орталығының (CCSA) келесі отырысында қаралады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная