Таиландта "Спутник V" салдырған туристерге келуге рұқсат етілді

Фото: pixabay.com

Таиландтағы Экономикалық жағдайды басқару орталығы (CESA) коронавирусқа қарсы Спутник V вакцинасын салдырған саяхатшылардың елге кіруін мақұлдады. Бұл туралы туризм басқармасының басшысы Ютасак Супасорн мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Bangkok Post газетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Таиландтағы Экономикалық жағдайды басқару орталығы (CESA) коронавирусқа қарсы Спутник V вакцинасын салдырған саяхатшылардың елге кіруін мақұлдады. Бұл туралы туризм басқармасының басшысы Ютасак Супасорн мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Bangkok Post газетіне сілтеме жасап.

Бөлім басшысының айтуынша, препарат дүйсенбіде, 16 тамызда патшалықтағы Экономикалық жағдайды басқару орталығы комитетінің отырысында мақұлданған.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, билік елде 1 шілдеден бастап іске қосылған "Пхукет құмсалғыш" бағдарламасын өзгертті. Оған сәйкес вакцина алған туристер курортта 14 күн болуы керек, содан кейін ғана басқа провинцияларға бара алады.

Жаңа бекітілген "7+7" ережелеріне сәйкес Пхукетте демалушылардың ең аз міндетті демалысы екі аптадан бір аптаға дейін қысқарды. Содан кейін саяхатшылар патшалықтың басқа жерлеріне бара алады. Олардың арасында Самуи, Пханган және Ко Тао, Ко-Пхи-Пхи, Ко-Нгай, Као-Лак, Кхао-Яо-Яй және Ко Яо Ной аралдары, сонымен қатар Кхаулак қаласы бар.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная