Таиландта туристер отырған катер апатқа ұшырады: бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таиландта туристер отырған катер апатқа ұшырады: бір адам қаза тапты Сурет "SHOT" телеграм-каналынан

Пхукетке жақын маңда туристер мінген катер апатқа ұшырады. Апат салдарынан бір адам қаза тапты, болжаммен ол Ресей азаматы, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Phuket News басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, апат 31 желтоқсанда таңғы уақытта Майтон аралының шығыс жағалауында болған. Катер жартасқа соқтығысу салдарынан 10 адам зардап шекті, оның ішінде бір әйел (болжаммен Ресей азаматы) қайтыс болды.

Зардап шеккендер арасында Ресей және Қытай азаматтары бар.

Бортта қазақстандықтар болған болмағаны әзірге белгісіз.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;