Таиландтағы апат. Ресейліктер қаза болған катердің капитаны есірткіге мас болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© thephuketexpress.com © thephuketexpress.com

Таиландта ресейліктер қаза тапқан катер капитанының есірткі қабылдағаны анықталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Phuket Express сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Таиландта ресейліктер қаза тапқан катер капитанының есірткі қабылдағаны анықталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Phuket Express сайтына сілтеме жасап.

Пхукет провинциясының Денсаулық сақтау басқармасы директорының орынбасары Сомсук Сампанпратип тиісті мәлімдеме жасаған.

Денсаулық сақтау басқармасы директорының орынбасарының сөзінше, комада жатқан катер капитанынан есірткі сынағы алынған. Сынақ нәтижелеріне сәйкес капитанның қанынан амфетамин деп аталатын тыйым салынған есірткі іздері анықталды. Катер экипажы да есірткі сынағынан өтіп жатыр, алайда нәтижелері әлі белгісіз.

Айта кетейік, 2023 жылдың соңғы күні Таиландтың Пхукет жағалауында ресейлік туристерді қыдыртып жүрген катер қатты жылдамдықпен жартасқа барып соқтығысқан. Туристер арасында катерде көпбалалы отбасы: ата-анасы мен үш бала болды. Салдарынан анасы, әкесі және 2 баласы зардап шекті, ал олардың 5 жасар қызы қаза болды. Зардап шеккендердің қатарында катер капитаны да бар.

Ел Үкіметі катер капитанының есімін осы уақытқа дейін көпшілікке жария етпеді. Апат салдарынан бала қайтыс болса да, әлі күнге дейін капитанға айып тағылмаған. Чалонг полициясы капитанға медициналық операция жасалғанын күтіп отырғанын алға тартады. Олар капитанның алған жарақаттарынан жазылуын күтетіндерін, содан кейін сот процедураларына кірісетінін мәлімдеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная