Тауға жалғыз өзі шыққан турист екі аптадан соң табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@facebook.com/allison.scott.942 @facebook.com/allison.scott.942

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Бернардино тауында отбасылық жұп екі аптадан бері іздестірілген ер адамды тапты, - деп хабарлайды Dailymail.co.uk.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Бернардино тауында отбасылық жұп екі аптадан бері іздестірілген ер адамды тапты, - деп хабарлайды Dailymail.co.uk.

Олар айғайлаған дауысты естіп, көмекке асыққан. Турист АҚШ-тың батыс бөлігіндегі Биг-Бэр көліне жалғыз барғысы келіп, жаяу бағытты таңдаған.

Саяхатшы екі апта бойы жарты банка сальсаны қорек етіп, бұлақтан су ішкен. Сондай-ақ ол өзіне кішігірім үй тұрғызып алған.

"Ол ұзақ жүргеннен кейін аяқтары ісіп кеткен, бәлкім суықтан да болуы мүмкін. Ол бізге сигнал бергісі келген", - деді ер адамды тапқан Элиссон Скотт.

Отбасылық жұп ер адамды тапқан бойда полицияға хабарласқан, арада 15 минут өткенде құтқарушылар тікұшағы оқиға орнына жеткен. Адасып қалған саяхатшы өзін тапқан адамдарға ақша ұсынған, алайда Калифорния тұрғындары оны алудан бас тартқан.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная