Тайландта піл шабуылынан турист қайтыс болды

Фото:depositphotos.com

Тайландта испаниялық турист пілдің шабуылынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі EFE агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тайландта испаниялық турист пілдің шабуылынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі EFE агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, қайғылы оқиға алдында әйел оңтүстік-батыс жағалауда орналасқан Яо Яй аралындағы пілдерді күту орталығында жануарды шомылдырып жатқан.

Полиция өкілдері оқиғаны растады, бірақ марқұмның жасы туралы ақпарат берілген жоқ.

Реклама
Реклама

"Қаза тапқан адам Памплондағы Наварра университетінде құқық және халықаралық қатынастар мамандығы бойынша білім алған жас студент екенін университет өкілдері мәлімдеді”, - делінген хабарламада.

Орталық қызметкерінің айтуынша, қыз пілді шомылдырып жатқанда оның алдына өткен. Сол кезде піл өлімге әкелген жарақат салған.

БАҚ-тың мәліметінше, Тайландта пілдерді шомылдыру және олармен өзара әрекеттесу туристер арасында танымал ойын-сауық түрі болып табылады. Пілдер саяхатшыларға арналған түрлі шоуларға да қатысады. Алайда пілдермен байланысты оқиғалардың көпшілігі табиғи мекендеу ортасын жоғалтқан жабайы пілдердің адамдар тұратын аймақтарға келуімен байланысты болатыны айталған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная