Тибет тауларында қар көшкіні салдарынан екі альпинист қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/jacky73490 © pixabay.com/jacky73490

Тибет тауларында қар көшкіні салдарынан екі альпинист қаза тапты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Синьхуа" агенттігі сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Тибет тауларында қар көшкіні салдарынан екі альпинист қаза тапты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Синьхуа" агенттігі сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, 7 қазанда Қытайдың Тибет автономиялық ауданындағы Шигадзе уезінің территориясында орналасқан Шишабангма тауының шыңынан қар көшкіні жүрген.

"Екі альпинист қаза тапты, екеуі із-түссіз жоғалып кетті, тағы біреуі ауыр жарақат алды. Құтқару жұмыстары жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Агенттік мәліметінше, қаза тапқандардың бірі АҚШ азаматы, екіншісі - Непалдан.

Қаза тапқан альпинистердің бірі. Фото: Instagram/everestofficials

Қар көшкіні теңіз деңгейінен 7,6 мың және 8 мың метр биіктікте жүрген.

Айта кетейік, альпинистер Гималайға шығу үшін қазан айын көп таңдайды. Алайда ғалымдар жаһандық жылыну биіктаулы аймақтарда қар көшкіні жүру қауіпін күшейтетінін айтады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная