Тунис туристерді қабылдай бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Shutterstock © Shutterstock

Тунис билігі 16 қарашадан бастап шетелдік туристер үшін елге кіру ережелерін жеңілдетті. Олар туроператорлар пакетімен келген туристер үшін оқшаулану мен  ПТР-тест сынақтарын алып тастады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы "Вестник АТОР" басылымына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Тунис билігі 16 қарашадан бастап шетелдік туристер үшін елге кіру ережелерін жеңілдетті. Олар туроператорлар пакетімен келген туристер үшін оқшаулану мен  ПТР-тест сынақтарын алып тастады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы "Вестник АТОР" басылымына сілтеме жасап. 

Мұндай қонақтар үшін арнайы санитарлық хаттама қолданылады. Сондай-ақ, 16 қарашадан бастап Тунис билігі шетелдік мемлекеттерді эпидемиологиялық жағдайға байланысты "түстерге" ("қызыл", "сары", "жасыл") бөлуді алып тастады. Ендігіде бірыңғай ережелер жүргізіледі. 

Ал өз жолымен Туниске келген туристер (бес күннен асатын болса) COVID-19-ға ПТР-тест сынағының теріс нәтижесін көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, олар арнайы қарастырылған қонақүйлерде және жалға алынған пәтерлерде 14 күнге оқшаулануына тура келеді. Тунисте болу мерзімі бес күнге жетпейтін болса, олар карантиннен босатылады.

Өзін-өзі оқшаулау режимінің сақталуын Тунистің өңірлік медициналық қызметтері бақылайтын болады. Олар келген азаматтардың мекен-жайларына барады. Егер ереже бұзушылықтар болса, туристер арнайы қонақ үйлерге ауыстырылады, онда олар өз есебінен карантинде болады. Оқшауланудың алтыншы күні тілек білдірушілер СOVID-19 үшін ПТР-тестін тапсыра алады және теріс нәтиже болған жағдайда карантиннен шығады. 

Осыған дейін, Tengritravel.kz порталы тағы қандай елдер туристерді қабылдай бастағыны туралы жазған еді. Олардың арасында Таиланд, Камбоджа, Бали, Оңтүстік Корея, Малайзия,  Африка елдері және Таяу Шығыс елдері бар. 

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная