Туристер "құрғақ" заңға байланысты танымал курортқа барудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тhe Рattaya News Фото: Тhe Рattaya News

Паттайяда туристік сала өкілдері құрғақ заңның күшін жоюды талап етіп жатыр. Өйткені мейрамханаларда алкоголь сатуға тыйым салынғандықтан және түнгі ойын-сауық орындарының жабылуына байланысты шетелдік туристер курортқа келуден бас тартады. Бұл туралы The Pattaya News жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Иконка комментария блок соц сети

Танымал Тай курортының мейрамханаларында алкоголь сатуға тыйым жеті айдан бері қолданылып келеді — билік бұл шараны коронавирустың таралуын тоқтату үшін деп түсіндіреді. Алайда Пхукет, Краби және Бангкок сияқты провинцияларға мұндай талап қойылмады. Бұл туристік бизнес өкілдерін таңғалдырады.

Сонымен қатар, полиция мекемелерге жоспардан тыс тексерулер жүргізіп, ережелерді бұзған және алкогольді заңсыз пайдаланған туристерді қамауға алады. Түнгі өмірмен танымал Паттайя үшін мұндай қатаң шаралар туризм имиджіне қатты әсер етіп, туристік бизнеске қатты зиян келтіргені атап өтілді.

Паттайя кіретін Чонбури провинциясының билігі 1 желтоқсанға дейін түнгі мекемелерді ашуды қарастыруды жоспарлап отыр. Дегенмен музыкалық фестивальдер сияқты көптеген жоспарланған туристік іс-шара тоқтатылуы мүмкін.

Айта кетейік, Паттайядағы халықты вакциналау деңгейі 80 пайызға жетті.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная