Туристерге Кореяға ұшпауға кеңес берілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Туристерге Кореяға ұшпауға кеңес берілді

Мыңдаған турист пен жолаушы қиындықтарға тап болуы мүмкін: 19 қыркүйектен бастап Оңтүстік Кореяда әуежай қызметкерлерінің жалпұлттық ереуілі күтіледі, ол Чхусок мерекесіне дейін (26–28 қыркүйек) жалғасуы ықтимал, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мыңдаған турист пен жолаушы қиындықтарға тап болуы мүмкін: 19 қыркүйектен бастап Оңтүстік Кореяда әуежай қызметкерлерінің жалпұлттық ереуілі күтіледі, ол Чхусок мерекесіне дейін (26–28 қыркүйек) жалғасуы ықтимал, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Yonhap деректері бойынша, елдегі 15 әуежайдың шамамен 15 мың қызметкері, соның ішінде ең ірілері – Инчхон мен Кимпхо – наразылық акциясына шығуды жоспарлап отыр. Ереуілді Әуежай қызметкерлерінің ұлттық альянсы ұйымдастырып жатыр, оған екі кәсіподақ кіреді: Инчхон әуежайының өңірлік кәсіподағы және қалған әуежай қызметкерлерінің бірлестігі.

Басты талаптар – еңбек жағдайларын жақсарту және жұмыс кестесін өзгерту. Қазір Инчхон әуежайында "3 бригада, 2 ауысым" жүйесі қолданылады. Қызметкерлердің айтуынша, бұл шамадан тыс шаршауға, жарақаттарға және тіпті денсаулық мәселесіне әкеледі. Кәсіподақ "4 бригада, 2 ауысым" жүйесіне көшуді және еншілес құрылымдар қызметкерлері үшін тең жағдай жасауды талап етіп отыр.

"Тіпті ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде ереуіл болмағанның өзінде әуежайларда 3-тен 8 сағатқа дейін кідірістер болды. Қазір акцияға қызметкерлердің 60 пайыздан астамы қатысатынын растады, бұл тіпті рейстердің тоқтатылуына әкелуі мүмкін", - деді альянс өкілдерінің бірі.

Сонымен қатар Инчхон басшылығы жолаушыларды сабырға шақырды.

"Ереуіл басталған күннің өзінде жолаушылар рейстердің тоқтатылуына тап болмайды. Ұшулардың қауіпсіздігіне жауап беретін негізгі қызметтер өмірлік маңызды санатқа кіреді, олардың жұмысы қамтамасыз етіледі", - деді әуежайдың ресми өкілі Chosun Daily басылымына берген сұхбатында.

Дегенмен сарапшылар жолаушыларға мүмкін болатын кідірістерді ескеруге кеңес береді. 19 қыркүйектен бастап және Чхусок кезінде Кореяға сапар жоспарлап отырған туристерге әуекомпанияларынан алдын ала ақпарат алып, ауысуларға көбірек уақыт қалдырғаны дұрыс.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;