Туристерге неге әуежайға дейін телефонды қуатқа қосу керегі айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Телефонды әуежайда толық қуатпен ұстаудың екі себебі бар. Олардың екеуі де оның иесіне әуе айлағынан ұшуға кедергі келтіруі мүмкін. Мұндай маңызды себептерді Lonely Planet халықаралық баспа компаниясының өкілі Фин Маккарти түсіндірді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Телефонды әуежайда толық қуатпен ұстаудың екі себебі бар. Олардың екеуі де оның иесіне әуе айлағынан ұшуға кедергі келтіруі мүмкін. Мұндай маңызды себептерді Lonely Planet халықаралық баспа компаниясының өкілі Фин Маккарти түсіндірді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom сайтына сілтеме жасап.

Ұлыбритания үкіметінің сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, егер батарея заряды таусылып, құрылғыны қосу мүмкін болмаса, әуежайдың қауіпсіздік қызметі туристің телефонын тәркілей алады. Сонымен қатар, көптеген әуекомпания электронды отырғызу талондарын қабылдайды, бірақ егер телефон қосылмаса, жолаушы әуе құжатын ұсына алмайды және гаджет пайдасыз болады.

Мұндай жағдайда саяхатшы қоғамдық зарядтағыштарды қолданғысы келуі мүмкін, бірақ сарапшылар олай жасамаған дұрыс деп есептейді. Travel And Leisure саяхат журналының хабарлауынша, туристер көбінесе "jus jacking" немесе "шырын сыққыш" деп аталатын алаяқтықтың құрбаны болады, өйткені туристер телефонын жалпыға қолжетімді USB зарядтағышты пайдаланып жатқан кезде хакерлер оның телефонындағы мәліметтерді көшіріп алады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная