Түркияда автобус апаты: төрт турист қаза тапты, 16 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Burhan Ozbilici / AP Фото: Burhan Ozbilici / AP

Түркияның Анталия провинциясында туристік автобус жол апатына ұшырап, төрт адам қаза тапты. 16 адам зардап шекті. Бұл туралы РИА Новости "Интурист" компаниясының мәліметтеріне сілтеме жасап жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Түркияның Анталия провинциясында туристік автобус жол апатына ұшырап, төрт адам қаза тапты. 16 адам зардап шекті. Бұл туралы РИА Новости "Интурист" компаниясының мәліметтеріне сілтеме жасап жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Автобус қарсы жолға шыққан

Lenta.ru мәліметінше, 2 тамызда кешке түркиялық бұқаралық ақпарат құралдарында Ресейден саяхатшыларды тасымалдайтын туристік автобус Манавгат қаласының маңында аударылғаны туралы хабарламалар пайда бола бастады. Бастапқыда дереккөздер төрт адам қайтыс болды және 16 адам зардап шекті деп жазды.

Көлік құралы қоршауға соғылып, d-400 жолайрығындағы қарсы жолға шығып кеткені хабарланды. Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем мен полиция жіберілді.

Туристер әуежайға бара жатқан

"Интурист" туроператоры көлікте Ресейден келген демалушылар болғаны туралы ақпаратты растады. Салонда барлығы 22 ресейлік, оның 9-ы бала болған. Трансфер оларды Самараға ұшатын ZF 6394 кешкі рейсіне отырғызу үшін әуежайға жеткізуі керек еді. Компания үш туристің қайтыс болғанын растады, олардың арасында бала жоқ екені айтылды.

Бас консулдық жол-көлік оқиғасы туралы ақпаратты растады

Ресейдің Анталиядағы бас консулдығы Түркияда тас жолдағы жол-көлік оқиғасы салдарынан ресейліктердің қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады. Дипмиссия апат жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында болғанын атап өтті.

Жол полициясының мәліметінше, жүргізуші көлікті басқара алмаған, содан кейін автобус қарсы жолға шығып, аударылған. Бас консулдықтың өкілі басқа жағдайларды анықтау үшін оқиға орнына барды.

Барлық зардап шеккендер жергілікті медициналық мекемелерге алғашқы көмек көрсету үшін жеткізілді.

Өлім саны артты

Кейінірек "Интурист" апатта қаза тапқандардың саны төртке жеткенін хабарлады. Тағы бес саяхатшы ауыр жарақат алған.

"Қазір барлық турист Анталия провинциясының төрт ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы туралы ақпарат нақтыланады. Автобус жүргізушісі ес-түссіз, ауыр халде жатыр", - деді туроператор өкілі.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная