Түркияда бір видео салдарынан қонақүй жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан скрин Видеодан скрин

Сиде қаласындағы Bosphorus Sorgun қонақүйінде өткен Пасха кеші жергілікті тұрғындар мен биліктің теріс реакциясын тудырды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourdom.ru басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Сиде қаласындағы Bosphorus Sorgun қонақүйінде өткен Пасха кеші жергілікті тұрғындар мен биліктің теріс реакциясын тудырды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourdom.ru басылымына сілтеме жасап.

Сауық кешінде жүздеген қонақ қауіпсіздік шараларын сақтамаған. Түркияда қатаң карантин кезінде адам көп жиналған шараның өткені туралы кешенге келген қонақтардың Желіде таратқан видеосынан кейін белгілі болды.

Antalya Hakkinda басылымының мәліметінше, кеш Пасха мерекесіне арналды. Желіде тараған кадрларда әлеуметтік қашықтық сақтамай, бетпердесіз көңіл көтерген адам көп. Жеке қорғаныс құралдары тек қызметкерлерде көрінеді.

Анталия билігі қонақүйді жауып, оның қауіпсіз туризм сертификатын алып тастау туралы шешім шығарды. Қонақүй кешенінде демалушыларға қатысты қандай шара қолданылатыны туралы әлі хабарланған жоқ.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная