Түріктің Антальясы су астында қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

pixabay.com pixabay.com

Толассыз жауын-шашын салдарынан Түркияның курорттық аймағы – Антальяда су тасқыны болды. Қазір қаланың бірқатар ауданында сабақ тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Ekonomim газетіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Толассыз жауын-шашын салдарынан Түркияның курорттық аймағы – Антальяда су тасқыны болды. Қазір қаланың бірқатар ауданында сабақ тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Ekonomim газетіне сілтеме жасап.

"Кешке Антальяның орталығында басталған нөсер түнде күшейе түсті. Жауын-шашын салдарынан жолдарда шалшықтар пайда болды. Тұрғындар мен көліктердің жүріп-тұруы қиындады. Кейбір ауданда үйлер мен жұмыс орындары су астында қалды. Сонымен қоса кейбір ауданда көлік қатынасы бұзылды", - деп жазады басылым.

Анталья әкімі тұрғындарға мәлімдеме жасап, қаладағы қолайсыз жағдайға байланысты шара қолданатынын айтты.

"Біздің провинциядағы су тасқынына және қолайсыз ауа райына байланысты Денсаулық сақтау департаментінің шешімімен қаладағы бес ауданда, атап айтқанда Ақсу, Дешемеалты, Кепез, Коньяалты, Мұратпашада сабақтар бір күнге тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная