Украина аспанында әдеттен тыс жарқыл пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: t.me/stranaua

Украина тұрғындары аспандағы біртүрлі жарқылды байқады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Страна.ua" Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

БАҚ ақпараты бойынша, аномалия Киев, Одесса, Днепр және елдің батыс облыстарында байқалған. Куәгерлер оның қозғалып тұрғанын баса айтады.

Кейбір желі қолданушылары аспандағы жарқыл Falcon 9 зымыранының ізі болуы мүмкін деп болжады.

Жарнама
Жарнама

Зымыран екі жер серігін орбитаға шығарғаны атап өтілді. Аспанда көрінген жарық жол Falcon 9 сатысынң бөлінуі нәтижесінде пайда болуы мүмкін екенін айтылды.

Зымыран тасығыштың ұшырылғаны туралы мамандар нұсқасы жоғарыда аталған зымыранның ұшырылуын түсірген SpaceX-тің тікелей трансляциясымен расталады. Ол 2 мамырда Тынық мұхиты уақыты бойынша 11:36-да болған.

Бірінші сатыдағы зымыран тасығыш өзінің 20-шы рейсін аяқтап, Ванденбергтің 4-қону аймағына қонады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!


Жарнама
Жарнама