Ұшақтың апат жағдайында қонуы борттан видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұшақтың апат жағдайында қонуы борттан видеоға түсірілді Фото: pixabay.com

Брисбен әуежайында Qantas әуе кемесінің апат жағдайында қонғаны видеоға түсірілді. Лайнер салонынан түсірілген видео және оқиға туралы Daily Mail жазады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

13 мамырда Ньюкаслдан шыққан ұшақ бортында 64 жолаушы болған. Экипаж мүшелері лайнер шассиінің ақауын байқап, ұшқыш Брисбен әуежайына (Австралия) апат жағдайда шұғыл қонуды сұраған.

Куәгерлердің бірі түсірген видеода бортсерік дауысын көтеріп, жолаушылардан "еңкейіп", "бетін төмен түсіруін" сұрағаны естіледі. Видеода ұшақтың дыбысы да пайда болды, бұл борттағы ақауды білдіреді.

Абырой болғанда ұшақ әуежайға қауіпсіз қонды. Жолаушылардың немесе экипаж мүшелерінің жарақаттары туралы хабарлама түскен жоқ.

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;