Ұшақтың қозғалтқышы өртеніп, бортта дүрбелең шыққаны видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұшақтың қозғалтқышы өртеніп, бортта дүрбелең шыққаны видеоға түсірілді © nypost.com

АҚШ-та жолаушылар ұшағы қозғалтқыштың өртенуіне байланысты шұғыл түрде ұшуды тоқтатты. Бортта дүрбелең шықты. Оқиғаның видеосын Daily Mail жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Кадрда үрейленген жолаушылардың орындарынан қалай секіргенін және асығыс жүк сөрелерінен қол жүгін ала бастағанын көруге болады. Бортсеріктердің сабыр сақтауға шақырғанына қарамастан, айғайлап, жылаған туристер болды. Олар бір-бірін итеріп, ұшақтан түсуге асықты.

Атлантик-Ситиден ұшатын ұшақтың қозғалтқышына құс кіріп кеткен. Салдарынан өрт шыққан. Барлық жолаушы мен экипаж сәтті эвакуацияланды және әуежай терминалына жеткізілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат айтылмайды.

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;