Венецияда автобус көпірден құлап, 20 адам қаза болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венецияда автобус көпірден құлап, 20 адам қаза болды видео кадры

Венецияда автобус көпірден құлап, 20-ға жуық адам қаза тапты. Олардың арасында екі бала болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mash жазбасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венецияда автобус көпірден құлап, 20-ға жуық адам қаза тапты. Олардың арасында екі бала болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mash жазбасына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, автобус қоршауды бұзып өтіп, электр сымын үзіп, 10 метрдей биіктен жолға құлаған. Кейін отқа оранған. Ол метанмен жүретін көлік болғандықтан, адамдар тірідей өртеніп кеткен.

Апат Венецияның материктік кварталы Местреде болған. Италияның ANSA ұлттық ақпарат агенттігі мәліметінше, 40-қа жуық адам жарақат алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;