Венгрияда коронавирусқа байланысты ТЖ режимі 90 күнге ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Венгрия үкіметі елдегі коронавирус жағдайына байланысты төтенше жағдай режимін 90 күнге ұзартты, - деп хабарлайды РИА Новости


Иконка комментария блок соц сети

Венгрия үкіметі елдегі коронавирус жағдайына байланысты төтенше жағдай режимін 90 күнге ұзартты, - деп хабарлайды РИА Новости

Венгрияның конституциясы бойынша, үкімет төтенше жағдай режимін 15 күнге жариялай алады, ал оның мерзімін ұзарту үшін парламентарийлердің үштен екі бөлігінің рұқсатын алу керек. Төтенше жағдай үкіметке кейбір заңнаманың қолданылуын тоқтата тұруға және басқа төтенше шараларды қаулылар арқылы қабылдауға мүмкіндік береді. 

"Парламент үкіметтің коронавирустың екінші толқынына қарсы шаралары туралы заңын қабылдады, пандемия салдарынан жарияланған төтенше жағдайды 90 күнге ұзартты", - делінген хабарламада. 

Заң жобасы жеделдетілген тәртіппен 180 дауыс арқылы қабылданған, тек бір парламентарий қарсы шыққан. 

Сонадай-ақ үкімет төтенше жағдай режимін уақытынан бұрын алып тастай алады. Заңға сәйкес, үкімет пандемиямен күрестің әр қадамын депутаттарға хабарлап отыруы керек. 

Бұған дейін Венгрияда COVID-19-бен күресу мақсатында барлық білім мекемесі, қоғамдық тамақтану орны, театр мен музейді жабу туралы шешім шығарылған. Бұл туралы елдің премьер-министрі Виктор Орбан хабарлаған болатын. Оның алдында түнгі коменданттық сағат жарияланып, барлар мен басқа да көңіл көтеру орындары жабылған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная