04 наурыз 2019 09:40

Пәтерде жатын бөлмеге асүй жасап, балкон қосуға бола ма?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бір бөлмелі пәтерімізді аса үлкен емес екі бөлмелі пәтерге айналдыруды жоспарлағанда, оны жасау ұзаққа созыларын ойлағанымыз жоқ. Сәулет басқармасынан рұқсат алу - бір мәселе болса, екіншісі - заңдастыру. Істеп көріп, қателесудің арқасында төрт айдың ішінде қайта жоспарлауды заңдастыра алдық. Менің қателіктерімді қайталамау үшін маман кеңесін оқуды ұсынамын. Пәтерді қайта жоспарлау кезінде не істеуге болмайды? Қазақстанда қайта жоспарлау кезіндегі қандай процедуралар жеңілдетілді?


Бір бөлмелі пәтерімізді аса үлкен емес екі бөлмелі пәтерге айналдыруды жоспарлағанда, оны жасау ұзаққа созыларын ойлағанымыз жоқ. Сәулет басқармасынан рұқсат алу - бір мәселе болса, екіншісі - заңдастыру. Істеп көріп, қателесудің арқасында төрт айдың ішінде қайта жоспарлауды заңдастыра алдық. Менің қателіктерімді қайталамау үшін маман кеңесін оқуды ұсынамын. Пәтерді қайта жоспарлау кезінде не істеуге болмайды? Қазақстанда қайта жоспарлау кезіндегі қандай процедуралар жеңілдетілді?

Редакция сұрақтарына "ОТАНстройпроект" жобалау ұйымының басшысы Нұрлан Фазыл жауап берді.

Алдымен қайта жоспарлау мен қайта жабдықтау дегеннің не екенін қарастырайық.

Қайта жоспарлау - бөлме ауданын ішкі қабырғалар мен аралық қабырға есебінен өзгерту. Қабырғаны қиратасыз, бір-біріне қосасыз, орнын ауыстырасыз. 

Қайта жабдықтау - үйдің инженерлік құрылымы мен жабдықтарын өзгерту. Мысалы, жатын бөлмеден асүй жасау.

Қандай жағдайда пәтерді қайта жоспарлауды заңдастыруға рұқсат берілмеуі мүмкін?

1. Панель үйде барлық салмақты өзіне алып тұрған қабырғаны бұзу жоспарлаған кезде, рұқсат берілмейді. 


© pixabay.com

"Пәтерді қайта жоспарлау тыйымды енгізгенге дейін заңдастырылған болса, онда бәрі жақсы. Ал мұны қазір істегіңіз келсе, онда сәулет және қала құрылысы басқармасынан тыйым салу туралы құжат келеді. Себебі ҚР ережелер жинағындағы 3.02-101-2012 "көп пәтерлі тұрғын үй ғимараттары" 4.5.6-тармағына сәйкес ірі панель үйлерде негізгі қабырғаларды өзгерту ғана емес, оларға ойық жасауға да тыйым салынады. Мысалы, асүй мен бөлме арасын айтса болады. Ағаш шкафтар мен қалқаларды өзгертуге болады. Яғни, санитарлық торапты біріктіруге рұқсат", - дейді жобалау ұйымының директоры Нұрлан Фазыл.

2. Панель үйге қосалқы үй-жай қосу

"Бұрын қосымша құрылысқа рұқсат берілетін, қазір - жоқ. ҚР құрылыс нормалары 1.01-26-2011 4.5.6-тармағына сәйкес ірі панель үйлерде үй-жай тұрғызуға тыйым салынады. Яғни, қазіргі уақытта ғимаратты заңдастыра алмайсыз", - деді маман.

3. Үйде көтергіш қабырғаны бұзғыңыз келсе. 

Негізгі қабырғаны жоспардан немесе қалыңдығын өлшеу арқылы білуге болады. Маман иесінің айтуынша, кірпіштен жасалған негізгі ішкі қабырға 38 сантиметрден кем болмауы тиіс. 

4. Балконды бөлмеге немесе асүйге қосқыңыз келсе.


© idealkuhnya.ru

Тұрғындар жаңа үйге көшкенде, ауданы шағын болғандықтан, балконды асүйге немесе қонақ бөлмеге қосып жатады. "Бұл құрылыс нормаларына сай емес. Себебі тұрғын үйді жобалау, салу кезінде балкон мен лоджияда жылыту жүйесі қарастырылмаған. Яғни, балконды қосқан кезде үйдегі жылу алмасу бұзылады", - деді жобалаушы.

5. Асүйді кеңейту немесе орнын ауыстыру.

Барлық тұрғын бөлмелер бір-бірінің үстінде болуы керек. Астындағы немесе үстіндегі көршіңіздің балалар жататын, қонақ немесе жатын бөлмесі сіздікімен бірдей болса, мысалы, асүйді жатын бөлмеге ауыстыруға болмайды.

6. Алдын ала техникалық тексерусіз негізгі қабырғада есікке ойық жасау. 

"Мұны істеуге бел бусаңыз, алдымен техникалық тексеруге тапсырыс беру қажет, рұқсат алып, жұмыс жобасын дайындау және құжаттаманы сараптамадан өткізу керек, содан кейін ғана жөндеу жұмыстарына кірісуге болады", - деп түсіндірді жобалау ұйымының басшысы.

7. Қайта жоспарлау кезінде бөлме ауданы тіркелген нормадан кішірейіп қалса ше?


© mamamozhetvse.ru

"Тұрғын үйдің әрбір класында тәртіп жиынтығында жазылған бөлме алаңының нормалары бар. III-IV кластағы тұрғын үй кешендерінде және шағын баспаналарда пәтердегі қонақ бөлменің ені - кемінде үш метр, жатын бөлме - 2,4 метр, ал ауданы 10 шаршыдан кем болмауы тиіс. 

I класта асүй, асхана кемінде 18 шаршы, II класта 12 шаршы болуы тиіс. III және IV кластарда - асүй тоғыз шаршы метрден, ал асүй ауданы алты шаршы метрден кем емес. Үш, төрт бөлмелі баспанада асүй текшесі 12 шаршы метрден кіші емес. Ал шағын үйлерде бұл бөлмелер бес шаршы метрден кем болмауы керек", - деді Нұрлан Фазыл.

8. Тұрғын бөлме немесе асүйге міндетті түрде табиғи жарық түсу керек, яғни терезе болғаны жөн.

"Тек санитарлық торап, дәліз, қойма, киім ілетін жерге табиғи жарықтың керегі жоқ", - деп толықтырды жобалық ұйымның басшысы. 

9. Сәулет және қала құрылысы басқармасының рұқсатынсыз қайта жоспарлауды жасаған кезде не болады? 

2018 жылдың соңына дейін қайта жоспарлау үшін рұқсаттың керегі болған, ал қазір жоқ. "ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 жылғы № 701 бұйрығына сәйкес, Қазақстанда пәтерді қайта жоспарлау рәсімі жеңілдетілді. Енді қайта жоспарлау кезінде қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасынан рұқсат алудың қажеті жоқ", - деді ол өзгерістерді түсіндіріп.

Жөндеу жұмыстарына кіріспес бұрын құжаттарды қайта жоспарлауға қалай рәсімдегеніміз және оны қазір қалай заңдастыру керектігін төменде оқыңыз.

Қайта жоспарлауды қалай заңдастыру керек?

Жоғарыда жазылғандай, қайта жоспарлау процедурасы өзгерді. Бұрын құжаттар келесі схема бойынша ресімделсе:

  1. Болашақта өзгеретін бөлменің техникалық жобасына арнайы ұйымға тапсырыс беру;
  2. Рұқсат алу үшін техпаспорты бар құжаттарды сәулетке тапсыру;
  3. Рұқсат алғаннан кейін қайта жоспарлау (жөндеу жұмыстары);
  4. Мемлекеттік бажды төлеу, ХҚКО немесе gov.kz арқылы жаңа техникалық паспортқа тапсырыс беру;
  5. Жаңа техпаспортты алғаннан кейін меншік иесі пайдалануға қабылдау актісін жасайды (немесе жобалау ұйымы арқылы);
  6. Дайын акті ХҚКО-ға сәулет және әділет министрлігіне тіркеу үшін тапсыру

2018 жылдың соңынан бастап қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасынан қайта жоспарлау үшін рұқсат талап етілмейді. Бірақ енді техникалық жобаның авторымен, яғни жобалау ұйымымен келісу қажет. Пәтерді қайта жоспарлау кезіндегі жұмыстың өзекті схемасын ұсынамыз:

  1. Жобалау ұйымында жөндеу жұмыстарының техникалық жобасына тапсырыс беріңіз;
  2. Қайта жоспарлау (жөндеу жұмысын жасайсыз);
  3. Мемлекеттік бажды төлеп, ХҚКО немесе gov.kz сайтынан жаңа техникалық паспортқа тапсырыс беріңіз;
  4. Техникалық жобаның (жобалау ұйымының) авторымен келісіп, пайдалануға акт жасайсыз. Онда жобамен айналысатын ұйымның қолы мен мөрі болуға тиіс;
  5. Қабылдау актін ХҚКО-ға тапсырасыз, онда сәулет және қала құрылысы басқармасы мен Әділет министрлігіне тіркейді.

Автор: Айгерім Әбілмажитова

Аударған: Камила Долаева

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети