Kaspi.kz - шын жүректен Қазақстанда жасалған!

02 Сәуір, 13:20
1

Былтыр қараша айында Қазақстанның ең танымал брендтерінің біріне он жыл болды. Осы уақыт ішінде Kaspi еліміздегі жетекші жекелеп қызмет көрсететін банк болып қана қоймай, сондай-ақ әдеттегі түсінігіміздегі банк ұғымының аясынан асып түсті, ол 5 миллион клиенттің, еліміздің халқының үштен бірінің дерлік күнделікті өмірінің бөлшегіне айналып, мультифункционалды сервиске айналды. Михаил Ломтадзенің командасы жасаған экожүйемен бәсекелесу қиын. Kaspi.kz - IPO-ға шығуға енді дайындалып жатқан бренд, алайда тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ қазірдің өзінде шетелде оған қарап бой түзейді.

БАСТАЛУЫ

2006 жылы Baring Vostok қоры қазақстандық "Банк "Каспийский" ААҚ-тың акциялар пакетін сатып алды. Әлемдік қаржы дағдарысы Қазақтанда компанияның қайта құрылуы сәтіне тап келді және дағдарыстың нағыз қызған шағында Baring Vostok-тың серіктесі Михаил Ломтадзе компанияның CEO лауазымын иеленіп, жаңа басқарушы команданы жинай бастады. 2008 жылы Қазақстанда 330 мың адамнан тұратын клиенттік базасы бар Kaspi бренді құрылды (қазіргі уақытта клиенттердің саны 15 есе өскен). Дәл осы жылы Kaspi экожүйесінің іргетасы қаланды деп санауға болады.

Kaspi.kz-дің миссиясы - сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсарту. «Сүйікті клиенттеріміздің» деген сөз тіркесіне Михаил көбірек мән береді, өйткені дәл осы клиенттер - бизнестегі ең бастысы. "Ең алдымен Клиент" деген сөздер көптеген компаниялардың стандартты сөздері. Алайда дәл Kaspi.kz командасы осы принципті күн сайын басшылыққа алады, біз оны сезініп те жүрміз. Kaspi.kz клиенті дәл мобильді қосымшада жеке қаржысын басқарып, шоттарын төлей алады, кез келген тауардың бағасын салыстырып, еліміздегі ірі интернет-дүкенде зат сатып ала алады, бөліп төлеуді жақсы көретіндер клубына қатысып, бонустық бағдарламаның артықшылықтарын пайдалана алады.

"Бір сұхбатында Михаил Ломтадзе жылына 150-200 миллион доллар табыс әкелетін карточкалық бизнестен (кредит карталары - ред. ескертпесі) бас тартқанын айтты, - дейді "Банк секторы" санатында Kaspi бірінші орынды алған "Топжарған" ұлттық бедел рейтингінің негізін қалаушы Қарлығаш Еженова. - Өйткені бұл өнімді клиент жақсы көрген жоқ, түсінген де жоқ, банк компанияның миссиясына сәйкес келмейтін өнімнен және сол өнімнен түсетін табыстан бас тартты".

Клиентке қолайсыздық тудыратын нәрсенің барлығы Kaspi-де ықтимал шығындарға қарамастан, қатты сыналады. Сондай-ақ мұндай шешімдер әдеттен тыс табыс әкеледі.

"Клиенттің тұрақтылығы - бизнестегі табыстың ең маңызды құрамдас бөлігінің бірі. Кез келген жолмен табыс табу табыскер адамның мақсаты бола алмайды. Көшбасшының стратегиялық шешімдер қабылдап, оқиғалар барысына әсер етуі, өз рөлін жай табыс табудан басқа ауқымды істерден көруі - бұл нарықтың дамуының кепілі, - дейді Қазақстандағы, Беларусьтағы және Армениядағы Mastercard-тың басқарушы директоры Нина Виллемс. - Михаил Ломтадзенің бизнеске деген көзқарасы өте ұнайды - ол әлемдік трендтерден, операциялық мәселелерден және клиенттік өтініштерден хабардар. Саладан алынған ақпаратпен толықтырылған бизнесті стратегиялық түсіне білу, менің ойымша, көбіне табыс әкеледі".

Kaspi клиенттердің мүдделерін басты назарға алып, қаржы қызметтерін қабылдаудың дәстүрлі парадигмасын өзгертеді. Жарнама сияқты көрінеді, бірақ 18 миллион тұрғыны бар Қазақстандағы осындай сервисі мен технологиялық даму деңгейі бар тағы он компанияны атайықшы. Егер бұл мүмкін болса да (спойлер - мүмкін емес), қиындық туғызары анық.

УАҚЫТТАН ОЗА ШАУЫП

"Қазіргі заманғы жекелеп қызмет көрсететін банк - әдеттегі түсінігіміздегі банктен гөрі IT-компанияға көбірек ұқсайды, - дейді Михаил Ломтадзе. - Алдыңғы қатарлы технологияларды ендіру өте маңызды. Алайда ең бастысы - оларды банктің мақсаттарымен және стратегияларымен ұштастыра білу. Егер бұл ұштаспайтын болса, онда көптеген әртүрлі жобалар жасалып, көп ақша мен уақыт инвестицияға салынып, нәтижесінде бизнеспен және клиентпен ұштастырылмаған технология үшін технология жасау болады".

Kaspi "банк" ұғымынан ауқымды екенін Ломтадзе 2011 жылы-ақ белсенді түрде айтқан, оны "Эксперт.ру" медиахолдингіне берген сұхбатындағы жоғарыдағы сөздері растайды, ал 2018 жылы күзде Kaspi командасы барлық Kaspi Bank маңдайша жазуын Kaspi.kz маңдайша жазуына ауыстырды. Мүмкін бұл сәйкестік шығар, бірақ Kaspi.kz CEO-сынан кейін басқа ірі қаржы ұйымдарының басшылары да осындай мәлімдемелерін жасады.

2018 жылғы жаңа жылдық корпоративтік кеште Тинькофф Банкінің негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Олег Тиньков былай деді: "Мен "банк" деген сөзді ұнатпаймын, ол қазір өте жиі айтылады. Шын мәнінде біз ешқандай да банк емеспіз, біз келесі жылы осы сөзден мүлдем құтылғымыз келеді. Біз қаржы ұйымымыз".

Содан кейін Meduza порталы Герман Грефтің: "Қазіргі уақытта біздің "банк" ұғымнан ауқымды ұғымды қамтитынымыз анық", - деген мәлімдемесін жариялайды.

Retail & Loyalty журналына берген сұхбатында Хоум Кредит Банкінің цифрлық бизнес жөніндегі директоры Михаил Балабанов өз бәселелестерінің жұмысындағы жақсы тұстарды айта отырып, Kaspi инновациясының заңдылығын атап өтеді: "Kaspi пайдаланатын модельдің басты артықшылығы - клиент үшін толыққанды экожүйе құру, оның аясында клиентке банктік емес сервистерді қосқанда, көптеген әртүрлі сервистер ұсынылуы мүмкін. Әрине, оны құру үшін көптеген қаржылық және адами ресурстарды салуға тура келеді. Біз бұл қиындықтардан қорыққан жоқпыз, сөйтіп өзэкожүйемізді құруға кірістік, оның негізінде сатып алушы клиенттұр".

Эко жүйелердің құрамдастары үшін таяу шетелдегі көршілер де алысқа барып жатпады. Қазақстанда 2014 жылы іске қосылған Kaspi Магазиннің ұқсас нұсқасы Ресейде бірнеше жыл кешігіп пайда болды. Тауарларды несиеге сатып алу мүмкіндігі бар өз маркетплейсін Тинькофф 2017 жылдың наурыз айында, маусым айында Хоум Кредит, 2018 жылдың қараша айында Сбербанк, ал желтоқсан айында грузиялық TBC Bank-і таныстырды.

 
vc.ru сайтынан түсіндірмелер

2018 жылдың желтоқсан айында Тинькофф "Авто.ру" порталымен бірлесіп, Қазақстанда 2015 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Kolesa.kz-тегі "Автонесие" сервисінің дәл көшірмесін - айдалған автомобильдерді бағалау және несиелеу бағдарламасын іске қосты.

Беталыс айқын, ол көзге көрініп тұрды, оны уақтылы анықтап, ары қарай дамыту үшін дұрыс бағыт беру керек болды. Михаил Ломтадзенің командасы бұл тапсырманы бәрінен бұрын орындап шыққанын мойындағанымыз жөн.

"Менің ойымша, Михаилдің ең басты бенефиті, басты шеберлігі - бұл белгілі бір ойды көздеу және оны іске асырудың стратегиясын ұстану, – дейді "Казпошта" басқармасының экс-төрағасы Бағдат Мусин. - Олардың Вячеслав Киммен бірге Джек Мамен әңгімелескені, үлкен командамен Жапонияға барғаны, әртүрлі стратегияларды қарастырғаны есімде, мұның бәрі бір ғана нәрсеге - классикалық банктік қызметтерден табыс табатын емес, заманға сай дамитын цифрлық ойыншыны құруға арқау болды. Kaspi қазақстандық Amazon-ға айналды".

Бір қызығы, қазір банктердің бәсекелестері - Apple, Google, Amazon немесе Alibaba сияқты компаниялар. Кейбіреуі қаржылық секторды шындап меңгеріп жатыр (жақында Apple Pay Қазақстанға келді), ал технологиялық тұрғыдан мұндай алыптардың мүмкіндігін және деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей алуын ескерсек, олармен бәсекелесу ең жоғарғы стандарттарға ұмтылуды білдіреді. Алайда тиянақты әрі жоғары технологиялы болу жеткіліксіз. Адамдарды және олардың мұқтаждығын біріктіретін, жеке пайдаланушы үшін, сол сияқты бүкіл нарық үшін керемет әсер қалдыра алатын жеткілікті әрі қолайлы аспаптары бар идея қажет.

2017 жылдың қараша айында Kaspi тұңғыш рет Kaspi Жұма бүкілхалықтық сатылым мерекесін өткізді – кез келген тауар комиссиясыз және артық төлемсіз 24 айға дейін құнын бөліп төлеуге сатылды. Егер Kaspi Жұмадағы сатып алу көлемін Dealerscope.com интернет-порталы жариялаған Black Friday қорытындысымен салыстырса, Kaspi-дің Apple-ді басып озғаны анық көрінеді, айырмашылығы - Black Friday бүкіл әлем бойынша, ал Kaspi Жұма тек Қазақстанда өткізілді. Сол кезде "Нәтижелер біздің күткенімізден де асып түсті - секундына бес тапсырыс болды", - деп мойындады Михаил Ломтадзе.

Baker Tilly компаниясының Forbes Қазақстанмен бірлесіп жинаған Қазақстан Республикасындағы ең ірі 25 сауда интернет-алаңдарының рейтингі жөнінде түсіндірме бере отырып, Қазақстан интернет бизнесі мен мобильді коммерция қауымдастығы: "Бір жағынан Kaspi өз ісімен айналыспай, интернет-дүкендердің қызмет аясына еніп барады» дегенді жиі естиміз. Екінші жағынан осының арқасында Kaspi басқа ойыншыларды ынталандырады. Кейбір тауар санаттары Kaspi-де пайда болғаннан кейін ойыншылар интернет-дүкендерін жабуға мәжбүр болған жағдайлар да белгілі", - деп атап өтті. 

Forbes Kazakhstan-ның тәуелсіз шолушысы Анна Шатерникова қорытындылап өткендей, Михаил Ломтадзенің басқаруындағы Kaspi.kz маркетплейстағы қазақстандық ЕДБ-ның даму процесінеәсер етті және сарапшылар жақында барлық қаржы институттарының қаржы өнімдері мен сервистерінің толық экожүйесін құратынын жоққа шығармайды, бұл  - Қазақстандағы қаржылық технологиялардың дамуының бірінші толқынына тән дүние.

"Біздің экожүйе бір жағынан клиенттерден, екінші жағынан серіктестерден тұрады, - дейді Михаил Ломтадзе. - Біз өзіміздің рөлімізді клиенттеріміз үшін неғұрлым тиімді сауда жасаудың жаңа мүмкіндіктерін және серіктестеріміз үшін тиімді сатылым аспаптарының көмегімен өз бизнесін дамыту мүмкіндіктерін үздіксіз іздеуден көреміз".

 

ЭКОЖҮЙЕ

Михаил Ломтадзенің командасы ұсынған Kaspi.kz экожүйесі –жеке тұлғаларға және тауарлар мен қызмет көрсетудің бөлшек саудасымен айналысатын компанияларға арналған көптеген сервистерді біріктіретін бірегей бизнес-үлгі:

·       бөлімшелер, банкоматтар, төлем терминалдары желісінен және бөлшек сауда желілеріндегі сатылым орындарынан тұратын дамыған жеке инфрақұрылым орындарында қолжетімділік алуға болатын қолма-қол несие, зат сатып алуға несие, депозиттер сияқты бөлшек қаржылық қызметтер;

·       зат сатып алуға және көлік алуға арналған онлайн-несиелер;

·       онлайн және төлем карталарын пайдаланып төлем жасау және ақша аудару;

·       сатып алуға қаржыландыру алу мүмкіндігімен тауарларды сатып алуға-сатуға арналған ірі интернет-алаң және серіктестердің желісінде күнделікті зат сатып алуға арналған сатып алушылар клубы;

·       еліміздегі ең танымал мобильді қосымша.

"Банктік бизнестің дәстүрлі үлгісінен экожүйе концепциясына өту Kaspi-ге ұсынылатын өнімдер портфелін кеңейтуге және клиенттік базаны едәуір ұлғайтуға мүмкіндік берді", - деп атап өтті Baker Tilly Қазақстан агенттігінің директоры Рамина Назырова. -Kaspi.kz - ірі жергілікті интернет-алаң, ол Қазақстандағы электрондық коммерция нарығының өсуін айқындайды. Alibabа-ға ұқсастығы - экожүйелерінің ұқсастығында: интернет-дүкен бар және төлемдер мен аударымдар жасалатын біріктірілген төлем жүйесі бар".

"Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлеу тәсілін пайдалануды танымал етуде Kaspi-дің қосқан үлесі өте маңызды,– дейді Нина Виллемс. - Соңғы жылдары Kaspi клиенттік сервисті жақсарту бойынша орасан зор жұмыс атқарды және ол өзінің нәтижесін көрсетті - ол белсенді миллиондаған карточкалық портфель, цифрлық экономиканың артықшылығын клиенттердің түсінуі және қолма-қол ақшасыз төлемге сенімнің артуы".

2018 жылдың басынан қазақстандықтар тек Kaspi Gold, Kaspi Red-тің көмегімен және кредиттік  бағдарлама бойынша 805 миллиард теңгеге 100 миллион зат сатып алды. Елдегі барлық электрониканың 30-дан астам пайызы Kaspi.kz экожүйесі арқылы сатылады.

2018 жылғы 15 тамызда S&P рейтингілік агенттігі "ВВ-/В" деңгейінде Kaspi-дің рейтингтерін растады: "Kaspi-дің пайданы түрлендіру сияқты жақсы қабілеті оған Қазақстанның банк секторындағы операциялық қызметті жүргізудің күрделі талаптарын орындауға мүмкіндік береді", - деп агенттік баспасөз релизінде жазды, Kaspi - "соңғы бес жылда мемлекеттің немесе акционерлердің тарапынан әдеттегіден тыс қолдау қажет болмаған" аз ғана қазақстандық банктердің біреуі екеніне басты назар аударды.

БОЛЖАУ ЖӘНЕ ШЫНДЫҚ

2019 жылы компания IPO-ға шығады. Бұл брендтің ауқымды түрде дамуына әкеледі. Мамандардың айтуынша, лондондық биржаға шығу және онда өз акцияларын орналастыру мүмкіндігі компанияға қосымша қаржыландыруды тартады, бұл оның дамуына, сол сияқты Қазақстандағы бүкіл электрондық коммерцияның дамуына жағымды ықпалын тигізеді.

"Халықаралық сервис - бұл, әрине, басқа деңгей және Kaspi-дің алғашқы топ жаруы қазақстандық АТ саласы қызметтері үшін көрнекті үлгі болады, - дейді Бағдат Мусин. - Оларға Қазақстаннан қандай да бір жаңа өнімнің таралуын көру пайдалы болатын еді".

Қазақстандағы EXANTE инвестициялық компаниясының сарапшысы Дмитрий Сочин Informburo.kz-ке берген түсіндірмесінде Kaspi Bank-тің IPO-сынан едәуір көп нәрсені күтетінін, себебі оның құрылымына қаржы институтымен қатар маркетплейсті қосқанда, топтың басқа сервистері де кіретінін айтты. Оның айтуынша, бұл халықаралық орналастыруға жәй ғана Қазақстанның қаржы институты немесе шикізат компаниясы емес, өте үлкен қосымша құны бар технологиялық өнім шығады. 

"Kaspi халықаралық нарыққа шығудың локомативіне айнала ала ма? Менің ойымша, айнала алады, әсіресе коммерциялық жобаларда!", - деді Қазақстанның интернет қауымдастығының басшысы Шавкат Сабиров, - өйткені ойланып қарасақ, Беларусь бұл салаға мемлекеттік қолдау шараларының арқасында, ал Эстония Еуроодақтың үлкен көмегімен келді. Израиль өз жобаларын жүзеге асыруда прагматизм жолын таңдады, шын мәнінде Kaspi-дің де таңдаған жолы осы. Егер Kaspi-дің сервистерін басқа елдер көшіріп жатса, онда халықаралық нарықта өз трендттерін жүргізу мүмкіндігі туралы сеніммен айтуға болады".

Михаилдың өзі мұны өте жақсы түсінеді және 2018 жылдың қараша айында компанияның дәстүрлі тұсаукесерінде былай деді: "Kaspi Қазақстаннан тысқары әйгілі компанияға, елдік брендке айналуы мүмкін".

Kaspi-дің 39,5 пайызын иеленуші Baring Vostok Capital Partners қорының негізін қалаушы Майкл Калвидің корпоративтік шиеленісінің аясында кейбір сарапшылар Kaspi.kz-тің IPO-ға шығуына күмәнмен қарады. Алайда Михаил Ломтадзе бұл жағдайлардың оның компаниясына әсер етпейтінін және жоспарлар сол күйінде қалатынын айтып, тез арада БАҚ-қа барлық болып жатқан жағдайлар туралы түсіндірмелер берді.

"Бұл жағдай қазақстандық Kaspi.kz компаниясына еш әсер етпейді. Baring Vostok - Ресей мен ТМД елдеріндегі инвестиция саласындағы 24 жылдық мұнтаздай беделі бар ірі халықаралық инвестициялық қор. 80 инвестициялық қордың ішінде: Яндекс, СТС Медиа, Боржоми, Tinkoff Bank, Озон, Avito, Kaspi.kz және басқа көптеген әйгілі және табысты компаниялар бар. Ұзақ жылдар бойы дос болған және бірге жұмыс істеген уақытта Майктың кәсіпқойлығына және адалдығына күмәнмен қарауға еш себеп болған жоқ. Бұл жағдай жуық арада құқықтық аяда шешілетініне сенеміз", - деді ол.

"Майклды тұтқындауға байланысты жағдайдың қордың компанияларына- инвестицияларына және IPO жоспарларына әсер етеді деп ойламаймын. Біріншіден, инвестициялық қорлар кредит қаражатына емес, тікелей капитал нысанында инвестиция салады, - деп түсіндіреді Centras холдингінің басшысы және Kazakhstan Growth Forum-ның ұйымдастырушыларының бірі Елдар Әбдіразақов. - Негізгі міндет - ұзақ мерзімді акционерлік құнды ұлғайту. Екіншіден, инвестицияның дамуына жауапты жобалық директорлар бөлінеді. Kaspi-дің жағдайында - бұл Михаил Ломтадзе. Үшіншіден, қазақстандық серіктестер компанияның дамуында белсенді позицияларды иеленуде".

2018 жылғы 27 тамызда ҚР Ұлттық Банкі Михаил Ломтадзеге "Kaspi Bank" АҚ-тың ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру туралы хабарлама таратты. Михаил Ломтадзенің Kaspi-де қатысатын өз үлесін ұлғайтуға деген қызығушылығы - оның компанияның табысты болатынына терең сенімділігі мен ұзақ мерзімді жоспарларының айғағы.

"Негізгі капиталға компанияның лауазымды тұлғаларының инвестициялары инсайдерлердің бизнестің болашағына деген сенімділігін көрсетеді", - деп атап көрсетті Елдар Әбдіразақов. Сондай-ақ, оның ойынша,қазіргі таңда Kaspi Михаил Ломтадземен үздіксіз байланыстырылады.

"Kaspi мен оның менеджменті бизнеске деген инновациялық көзқарасымен ерекшеленеді. Ол инновациялық retail-экожүйесіне айналды, -  дейді Каспи аумағындағы Deloitte-тің басқарушы серіктесі Марк Смит. - Бұл - Қазақстанды болашақтың инновациялық картасына қоятын бірегей тәжірибе. Қазақстанның бірегей ресурстары мен мүмкіндіктері бар, ол өзге мемлекеттерге жалтақтамай,дара жолын дамыта алады және мықты жақтары мен қабілеттері үшін өзін мойындата  алады. IPO-ның бұл бөлігінде Kaspi соңғы кездегі квазимемлекеттік сектордан тыс бірінші халықаралық IPO болады, бұл Қазақстанның мүмкіндіктерін айқындап, еліміздің коммерциялық секторына инвесторлардың қызығушылын оятады".

НАРЫҚТЫҢ КӨШБАСШЫСЫ

2018 жылғы 12 маусымда Михаил Ломтадзе кезекті рет Қазақстандағы ең үздік компания басшыларының бірі ретінде танылды (Price Waterhouse Coopers беделді аудиторлық компанияның СЕО Survey 2018 сауалнамасы - ред. ескертпесі). Оны әдеттегідей теоретиктер емес, өздерінің мінездеріне тән практиктер таңдады. Оны келешекті болжағыш басшы, көшбасшы, өзгермелі бизнес аясындағы талаптарға тез бейімделгіш, жаңа технологиялық шешімдерді енгізуге қатысты батыл CEO деп атады.

"Михаилдың өз ісіне әуесқойлықпен қарауы және инновацияларға деген ашықтығы, сонымен қатар оның қызыл түсті аяқкиімді ұнататыны нарықтың назарынан тыс қалуы екіталай еді", - деп атап өтті Каспи аумағындағы Deloitte-тің басқарушы серіктесі Марк Смит.

Получить короткую ссылку




  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай