11 наурыз 2014 17:35

Алпамыс эпосы кімдікі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Біздің  заманымыздан бұрынғы 110-50 жылдары шүршіттермен соғыста ерекше ерлігімен көзге түскен Алпамыс батырдың өмірде болған адам екенін ғалымдардың бәрі мойындайды. Зерттеушілердің жазуынша, Алпамыс батыр туралы эпостың сюжеті түркі халықтары арасында кең тараған. Онда Түрік қағандығы дәуірінен (5-7 ғасырлар) бастап, қазақ халқының 17-18 ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығына дейінгі күресі көрініс тапқан. Татар, башқұрт халықтарында бұл тақырып ертегі түрінде айтылса, қазақ, қарақалпақ, өзбек халықтарында оның көркем поэзиялық нұсқалары өте көп кездеседі. Оның тарихи, көркемдік мәні мен орны туралы М. Әуезов, С. Сейфуллин, Қ. Жұмалиев, Ә. Марғұлан, М. Ғабдуллин, Т. Смирнова, Т. Сыдықов сияқты зерттеушілер арнайы еңбектер жазды.

Түп негіздерінің пайда болғанына 1200-1300 жыл болатын  «Алпамыс батыр» жыры ел арасында ертеден айтылып келе жатқанымен, алғаш рет баспадан 1899 жылы  басылып шыққан көрінеді.  Одан кейін қазан төңкерісіне дейін 7 рет қайта басылған бұл эпоста Алпамыстың қазақ халқының құрамындағы Қоңырат тайпасының өкілі екендігі айқын жазылған. Осыған қарамастан Алпамыс батыр эпосын әлі күнге дейін кейбір түркі халықтары өз туындысы деп санайды. Мәселен Өзбекстан мен Қарақалпақ қаламгерлері жырдың негізінде пьесса, қазақ композиторы Е. Рахмадиев опера (либреттосын К. Кенжетаев) жазды. Ал мектеп оқулықтары мен түрлі деңгейдегі хрестоматиялық кітаптарда құрастырушылар оны өз елінің ұлттық әдеби мұрасы ретінде таныстыруда. Сондықтан бұл бағытта зерттеушілердің өзара бас қосып, пікір алмасатын  ортақ алаңын құруға жасалған талпыныстар нәтижесіз аяқталуда. Бұл энциклопедиялық жинақтарда да өз көрінісін табуда. Соның бірі 10 000 cұрақ пен жауаптан тұратын Мәскеудегі «Рипол Классик» баспасынан  2002 жылы толықтырылып екінші рет қайта жарық көрген «Что, где и когда?» блиц-энциклопедиясы. Ирина Комарова мен Елена Борадычеваның бұл еңбегінде «Қарақалпақ халықтық эпосы қалай аталады?» деп аталатын 250-сұрақтың жауабы «Алпамыш» деп көрсетілген. Оның  алдындағы «Қырғыз ұлттық эпосы қалай аталады?» деп аталатын 249-сауалға «Манас» деген жуап көрсетілген.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети