13 наурыз 2014 16:13

Гендер дегеніміз әйелден еркек жасау деген сөз емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

 Бар бәлені әйелдің орнын бесіктен билікке қарай ауыстыруды насихаттаған қазіргі саясаттан іздейтін едік. Бекер. «Биліктегі әйелдің саны бәлен пайыз», «кәсіпкерлікпен түген пайыз әйел айналысады», «спорттағы әйел осынша пайызға жетті» деген статистика, отбасында сетінеп бара жатқан сезім мен сенімнің орнын толтырып бере алатынына шүбәміз бар.  

Мереке күні әйелді мақтауымыз керек еді. Азаматының қолынан «Dior», «Givenchy» мен «Chanel» секілді қымбат иіссу алып, құшағы гүлге толуды айтпағанда, жылына бір келетін мейрамында қарапайым сыйлық түгілі жылы сөз естіп те қуана алмайтын қыз-келіншектердің бар екенін ескеріп, осы әңгімені айтуға тура келді. Бүгінде қоғамда көрініс тапқан бүкіл үйлесімсіздікті Үкіметтің гендерінен бұрын үйдегі аналарымыздың, әкелереміздің өздері қолдан жасап отырғанына көңіл шіркін күннен-күнге сеніп келеді. «Қызым – қызғалдағым» деп бір тал, екі тал қызын жас құрақтай желкілдетіп, төбесінен құс ұшырмай еркелетіп өсіргені жақсы-ақ қой, бірақ «ізгі арманы», ол туғанда жарқ етіп күн туғандай болған ат ұстар ер баласы ше – дәл сондай мейірім, дәл сондай махаббатқа бөленіп, ерте бастан білім алуына лайықты көңіл бөлініп, дұрыс бағыт-бағдар беруде барын аямай көмек беріп отыр ма? «Аз күндік қонақты» үкінің баласындай үлпілдетіп аялаған жақсы-ақ.  
 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети