14 наурыз 2014 18:25

Ресейдің айраны қазақтың қаймағын нарықтан ысырып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

 Қазақстанда 90 пайыздан астам мал басы жекеменшіктің қолында болғандықтан, алынатын шикізаттың сапасы қайта өңдеуге және өнімдер шығару үшін тиісті талаптарға сай келмейді. Бұған қоса көптеген сүтті қайта өңдейтін кәсіпорындар ескі, тозығы жеткен, қолдануға жарамсыз құрал- жабдықтармен жұмыс істейді. «Мұның соңы сапалы өнім алу қуаттылығын төмендетеді. Осыдан барып, бүгінде ішкі нарықтағы сүт және сүт өнімдерінің импорты шикізат күйінде есептегенде 46,3 пайызды құраса, өңделген сүт өнімдерінің импорты 27 пайызды құрап отыр» деседі мамандар.

Сөйтіп, деректерге жүгінсек, біздің нарықтағы сүт және сүт өнімдерінің 73,3 пайызы шетелден оның ішінде Ресейден әкелінеді. Әрине, Қазақстан нарықтық экономика қағидатында өмір сүріп жатқандықтан, импортқа тыйым сала алмайды. Десек те, ішкі нарықты өзгенің өнімі тұтастай жаулап алмасын десек, сүт және сүт өнімдерінің өндірісіне қатысты түйінделген жайттарға баса назар аударуымыз керек. «Алаш айнасы» мұны талқылап көруді жөн көрді. 
 
Ресей сүт өндірісін қорғап отыр, ал біз ше?
 
Негізінен, байыптап қарасақ, нақ қазір біз үшін сүт және сүт өнімдері өндірісінің көлемін арттыру, бұл салада қауіпсіздікке бақылауды қүшейту халықаралық техникалық регламентке жүгіну және сүт өнімін өндірушілерге барынша қолдау көрсету өте маңызды. Себебі Кедендік Одақ өз жұмысын бастағалы бері Ресей жағы өз жеңiлдiктерiн ескере отырып сүт жайында техникалық регламент құжатын дайындап та үлгерді. Аталмыш құжат Ресейде жасалғандықтан олар өз сүт өндірушілерінің мүддесін қорғауда. Ал тап осы сәтте Қазақстан жағы өз мүддесін қорғамаса елдегі сүт өнімін өндірушілер де, оны тұтынушылар да зардап шегуі әбден мүмкін.  Сондықтан отандық өндірушілердің мүддесін қорғап алу үшін бірінші кезекте біз мынадай жайттарға назар аударғанымыз абзал:  1) сүт өнімдерінің өндірісін арттыру және ішкі тұтынудағы импорттың үлесін төмендету мақсатында осы саланы техникалық және технологиялық жетілдіру қажет. 2) кәсіпкерлікті ынталандыру және отандық сүт өнімдерінің бәсекелестігін жоғарылатуға бағытталған бірқатар жүйелі шаралар атқару керек. Міне, мамандар тарапынан айтылып отырған осы басты ұсыныстар қолдау тапқанда ғана «қазақтың  сүт өндірісінің шырайы енбек». 
 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети