18 наурыз 2014 12:26

Еуропа Ресей экспортынан бас тарта ала ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Кеше яғни 16-шы наурыз күні Қырымның мәртебесін анықтауға арналған референдум аяқталды. Соңғы мәліметтерге жүгінсек, референдум барысында қырымдықтардың  93 пайыздан астамы Ресейге  қосылатындықтарын айтып дауыс берген. Дегенмен, Украинаның жаңа билігі мен әлемдік державалар Қырымдағы референдумның заңсыз екенін алға тартып отыр. 


Кеше яғни 16-шы наурыз күні Қырымның мәртебесін анықтауға арналған референдум аяқталды. Соңғы мәліметтерге жүгінсек, референдум барысында қырымдықтардың  93 пайыздан астамы Ресейге  қосылатындықтарын айтып дауыс берген. Дегенмен, Украинаның жаңа билігі мен әлемдік державалар Қырымдағы референдумның заңсыз екенін алға тартып отыр. 


Айта кету керек, бұған қатысты референдум өтетін күннің қарсаңында «Референдумды заңсыз деп тану» туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіне АҚШ әзірлеп ұсынған қарар жобасына Ресей вето қойды. Қауіпсіздік кеңесіне мүше 13 мемлекет қарар жобасын қолдап дауыс берді, Қытай қалыс қалды. Қазірде АҚШ және өзге де батыс елдері халықаралық қауымдастықты даулы референдумды мойындамауға шақыруда. Бір сөзбен айтқанда Қырымды Ресейдің қанатының астына алуды көздейтін референдумды Мәскеу ғана қолдап отыр. Бұған қатысты БҰҰ-дағы АҚШ елшісі Саманта Пауэрдің айтуынша, «қапалы әрі есте қаларлық» болған дауыс беру нәтижесі Ресейдің «оқшау, жападан жалғыз қалғанын және ісі теріс екенін көрсетті». Сөйтіп, осындай «қапалы» референдум үшін бүгінде көршіміз Ресейге біраз елдер тоң-теріс қарап отыр. Тіпті Еуропалық Одақ пен АҚШ Ресейге қарсы бағытталған экономикалық санкцияларын бірыңғайластыруға күтпеген әзірлікпен кірісіп жатыр. Бұл ретте АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри наурыздың 10-ы күні Мәскеуге қарсы  АҚШ пен Еуроодақ санкцияларының «шынымен де шұғыл, жылдам» іске асырылуы мүмкін екенін ескерткен болатын. 

Ал енді осы арада Алаш айнасы «Еуропа елдері Ресейдің экспортынан бас тарта ала ма? Ресейдің экспортынан еуропалықтар бас тартып жатса жағдай қалай қалыптаспақ? Мұның біздің елімізге қандай әсері бар» деген сауалдарға жауап іздеп көрді. Ендеше аталған сауалдардың түйінін тарқатып көрелік.

Санкция құр дөң-айбат болса қанекей... 

Ресей жаһандық экономикаға жан-жақты интеграцияланған мемлекеттердің бірі. Сондықтан мамандардың пайымдауынша, Еуропа Ресей экспортынан бас тартар болса бұл екі жаққа да тиімді болмайды. «Бірақ Ресей одан көбірек зардап шегеді. Ресей қазірдің өзінде үлкен шығын көріп отыр» дейді сарапшылар. 

Сарапшылардың бұлай деуіне, АҚШ тарапынан Ресей банктеріне санrция қолданатыны, жеке инвесторлардың активтерін тоқтататыны, Украинаға қатысты жауапты тұлғалардың шетелге шығуына тыйым салынатыны айтыла салысымен-ақ, бір күнде Ресей нарығынан 2,5 трлн рубьлдің капиталы жан-жаққа ыдырай қашқаны себеп болып отыр. 

 

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети