19 наурыз 2014 18:04

Серік Абас-шах: Министр Ерболат Досаевтың "екі миллиард" туралы әңгімесі қанымды қоздырып жіберді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

 Кеше, яки наурыздың 18-і күні ресми түрде өз жұмысын тоқтатқан «Ел арна» телеарнасының экс-директоры, белгілі прдюсер Серік Абас-шахтың арнаның жабылуына байланысты әлеуметтік желіге жазған жазбасынан


 Кеше, яки наурыздың 18-і күні ресми түрде өз жұмысын тоқтатқан «Ел арна» телеарнасының экс-директоры, белгілі прдюсер Серік Абас-шахтың арнаның жабылуына байланысты әлеуметтік желіге жазған жазбасынан

 
1. Маусым айының соңында, ойламаған жерден ”ЕЛ арнаға” директор болып тағайындалдым. Мемлекеттік хатшы мен министріміз сеніп тапсырған соң, “қабырғаммен кеңесіп” толғатып жатпай ақ, бірден келісім бердім. Арнаның сол кездегі директоры Айгүл Мүкей декретте болғандықтан, оның міндетін уақытша атқарушы ретінде іске кірісіп кеттім. Сыйлас құрбымның орнына барар алдында ептеп ыңғайсызданғанымды жасырмаймын. Бірақ, жаныма жақын әрі атауына тікелей қатысым бар телеарнаны жаңа сатыға көтеру мүмкіндігі бәрін ұмыттырып жіберді. Айгүлдің кабинетін "оккупациялаған" жоқпын, төртінші қабаттың шеткі бұрышынан өзіме жетер орын таптым. Әріптестерім 77 санымен аяқталатын бұрынғы телефон номерімді өзіме қайтарып берді...
 
2. ”ЕЛ арнаның” өткен жылғы бюджеті бекітіліп, қаржы алдын ала бөлінгендіктен, келе сала "төңкеріс жасай" қою мүмкін емес еді. Сондықтан, қолдағы бар күшті 2014 жылдың жаңа жобаларына жұмылдырдық. Директор ретінде негізгі мақсатым: жастар арнасы болып табылатын екі тілді арнаны бірте-бірте отбасылық арнаға ауыстырып, 2014 жылдың соңына дейін 90 пайызға дейін қазақ тіліне көшіру болатын.
 
3. “ЕЛ арнаның” жабылатыны жайлы ескертпені қаңтар айында естідім. "Ойбайлайтындай" касipeт емес, бipақ, сол күні жақсылап іштік... Алматыға сол түні "Ирония судьбы или с легким паром" фильміндегі бір кейіпкердің жағдайында "ұшып келіппін"... Ұжымға да жеңіл тимегені анық. Қаншама адам жұмыссыз қалғалы отыр?
 
4. "ЕЛдің" жаңа жылдан бергі эфирі өзіңізге таныс шығар?
 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети