26 наурыз 2014 14:52

Аруақтармен көрші тұрамыз...

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

 Қазақстанның қай түкпіріндегі ауылдарды алып қарасаңыз да арғы дүниеге аттанғандарды жерлейтін зираттың ауылдан шалғай шетте қоныс тепкенін байқайсыз. Ақсақалдар әруақтарға құрметпен қарауды бала жастан құлаққа құйып өсіретіні тағы бар. Зират жаққа қарап қол шошайтпауды, қасынан өткенде бет сипауды да ескерте жүреді. Қанша дегенмен қала ауыл емес. Кезінде дұрыс жоспар жасалынбағандықтан бүгінде қаланың қақ ортасында қалып кеткен қорымдар да бар. Тіпті бүгінде сол зираттармен көрші қонған үйлер жетерлік. «Алаш айнасының» тілшісі сондай үйлердің бірнешеуінде қонақта болып қайтқан еді

Рұқсат берсе тіпті зираттың қақ ортасына да тұрғын үй соғып алудан тайынбайтындар да табылатын сықылды. Шымкенттен Ташкентке шыға беріс тұста жергілікті жұрт «Қасқа» деп атап кеткен зират бар. Қазығы қағылғанына ширек ғасырдан астам уақыт өткен қорымның дәл иек астында жапсарлай салынған үй бар. Жұрт аузындағы «аңыздарға» сенсек, түнде осы үйде жылаған баланың дауысы шығады-мыс. Үй егесі не сата алмай, не көшіп кете алмай отырған көрінеді. Дегенмен өткен жылы дәл осы үйдің дәл жанынан хан сарайындай тағы бір үй бой көтерді. Екі қабатты сәні мен салтанаты жарасқан үй зираттың дәл түбінде. Арасы үш метрге де жетпейді. Арғы жағында бір әулиенің кішігірім кесенесі орналасқан. Ал осы Қасқа зиратының шығысында «Сәуле» атты ықшамаудан бар. Қорымды қоршаған темірмен тақастыра мұнда да қоржын там салып алғандар жетерлік. Абырой болғанда қорымның бір жағы халықаралық маңызы бар автожол да, бір жағында электр қуатын тарататын үлкен мекеме жайғасқан. Енді бір шетінде автокөлік базары орналасқан. Әйтпегенде қорымды қоршай үй салынып кетер ме еді, кім білген. Әруақтармен көрші тұратындар тек мұнда ғана емес, қаланың әр түкпірінен табуға болады. «Қайтпас 1» ықшамауданында да осы кеп. Мазараттың темір қоршауымен жапсарлас салынған үйлер мұнда да жетіп артылады. Кезінде осы жерге салынған үйлерді көшірмек болған әкімшіліктегілер.
 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети