26 наурыз 2014 14:56

Ауылдағы әжелеріміз "гәпіріп" жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

 ... расында қайда кеткен? Қалаға кетіпті. Қызының үйіне. «Қыдырып па?» дерсіз. Жоқ. Біржолата қоныс аударып... Ауылдың ажарын ашатын әжелер бүгінде көрінбейді. Бастарына ақшаңқан орамалдарын тағып алып, есік алдында күншуақтап отыратын апаларымыз расында ауылдан безердей не көрінді? Осы мәселеге  «Алаш айнасы» ой жүгіртіп көріп еді.


 ... расында қайда кеткен? Қалаға кетіпті. Қызының үйіне. «Қыдырып па?» дерсіз. Жоқ. Біржолата қоныс аударып... Ауылдың ажарын ашатын әжелер бүгінде көрінбейді. Бастарына ақшаңқан орамалдарын тағып алып, есік алдында күншуақтап отыратын апаларымыз расында ауылдан безердей не көрінді? Осы мәселеге  «Алаш айнасы» ой жүгіртіп көріп еді.

 
 
БҰРЫН...
 
70-80-ші жылдары ауылда киіз басу жанып тұрған мода еді. Сол шақта бүкіл ауылға сауын айтып, асар жасап, киіз басатын апалар. Қыс бойы қойдың жүнін жуып, түтіп шығып, көктемде күннің көзі жылт етісімен киіз басуға дайындалатын. Балалар үшін бұл той еді. Әр әженің етегіне жармасып бір-екі баладан жүретін. Текеметке түр салып, киізді білектеп болған соң қызыл-күрең шәйді сораптап отырар-ды. Ошақ жақта қайнап жатқан еттің иісі танауды қытықтайтын... Басқы жұмысты  бітіріп болған соң кезек балаларға келетін. Шиге оралған киіздің үстіне ыстық су құйып, ары-бері тепкілеу солардың мойнына жүктелетін. Балалар мұны жұмыс деп емес, ойын деп қабылдайтын. Киіздің екі шетіне қол ұстасып тұрып алып, кезек-кезек үстіне шығып тепкілейтін. Одан қалса бір қатарға тұра қалып тепкінің астына алатын. Әбден иі қанған соң еңбегі сіңген балаларға мәмпәси таратылатын. Шөлін шәймен қандырып, ет жеп болған соң киіз басудың құрметіне әнін шырқап апалар үйге қайтуға жиналатын. Кешкі өрістен қайтқан малды бөліп алу керек, сиыр сауу керек дегендей үйді-үйдіне тарасатын... Әсіресе кешке мал өрістен қайтатын кезде ақ жаулықты апалар есіктің алдына шығып отырар-ды. Қандай жарасымды еді, шіркін. Мал келгеше бір қайыру әңгіме айтып та үлгеретін. Кімнің үйінде әжесі бар сол баланың мерейі үстем болатын. Өйткені қонаққа барғанда өзімен бірге төрге шығарып, жылы-жұмсақты, тәтті-пәттіні аузына тосатын. Ал әжесі жоқ балалар есіктен сығалауға мәжбүр-тін... Сиыры барлар уыз көже, биесі барлар қымызмұрындық берсе, ауылдың ата-әжелерін құрметтеп төрге оздыратын. Оларсыз бірде-бір жиынның сәні келмейтіндей еді... Бүгінде осының бәрі көзден бұл-бұл ұшқан. Ата-әжелерімізді өткен шақпен ғана еске алатынымыз өкінішті. Олар ауылдан үдере көшіп кеткен жоқ. Бірлі-жарымы қаладағы қыздың қолына қарап қалған. Мәжбүрліктен емес. Қалауы бойынша. Қолындағы кесір келіннің кесапаттығына төзбей кеткендері бар. Ыстық суы, суық суы ішінде құрқұлтайдың ұясындай өкіметтің үйінде қолын жылы суға (келіннің арқасында емес... бірақ) салып отырғандары бар. Әйтеуір мың сан себеп...
 
БҮГІН...
 
Киіз басу сәннен шығып қалғалы қашан. Оның орнын иранның, түріктің кілемдері басты. Төрдегі текеметті күйе басады-мыс деп есікке сүйреп тастадық. Киіз шіркіннің бүгінде ұлтарақ болғаннан басқаға пайдасы шамалы болып қалды. Тіпті жұрнағы да қалмады десе де болғандай. Ауылдағы апалардың басын қосатын киіз басу сияқты үрдіс жоғалған соң, апалардың да қарасы азайған сынды (солай көрінетіні бар кейде). Оның орнын күнгейде бүгінде «гәп ойнау» басты.
 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети