26 наурыз 2014 18:36

Ресейдегі дүрбелең еншілес компаниялар арқылы Қазақстанға жетуі мүмкін бе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Бүгінгі таңда Ресейге салынып жатқан санкциялар салдары жақсылыққа апармайтынын қандай да бір сәуегөйдің долбарынсыз-ақ аңғаруға болады. Ресей мамандарының өзі соңғы кездері мұнда 1998 жылғы дағдарыстың қайталануы мүмкін екендігін болжай бастаған. Демек, ел экономикасын қаржы секторы жағадан алмақ. Нарық аясы тарылып, сұраныс төмендегенде, әрине ресейлік қызмет көрсету саласы экономикасы біте-қайнасып жатқан Қазақстанға еншілестері арқылы келе бастауы ықтимал. Келгендері жақсы-ақ. Алайда бұл арада олар өз секторындағы проблеманы бізге қоса тасымалдап жүрмей ме деген қауіп туындайды...


 Бүгінгі таңда Ресейге салынып жатқан санкциялар салдары жақсылыққа апармайтынын қандай да бір сәуегөйдің долбарынсыз-ақ аңғаруға болады. Ресей мамандарының өзі соңғы кездері мұнда 1998 жылғы дағдарыстың қайталануы мүмкін екендігін болжай бастаған. Демек, ел экономикасын қаржы секторы жағадан алмақ. Нарық аясы тарылып, сұраныс төмендегенде, әрине ресейлік қызмет көрсету саласы экономикасы біте-қайнасып жатқан Қазақстанға еншілестері арқылы келе бастауы ықтимал. Келгендері жақсы-ақ. Алайда бұл арада олар өз секторындағы проблеманы бізге қоса тасымалдап жүрмей ме деген қауіп туындайды...

 
Әрине, бұл арада қандай қауіп туралы сөз боп отыр деген заңды сауал туады. Ол үшін күні кеше Ресейдің қаржы секторына бағытталған соққы салдарын пайымдап көрелік. Бүгіндері Ресей билігі өзіне салынған түрлі шектеуді шыбын шаққан құрлы көрмеген кейіп танытуда. Онысын белгілі бір деңгейде түсінуге болады. Өйткені экономикасы әлсіреп тұрғанда  Кремль үшін маңызды ақшалылардан айырылып қалуға болмайды. Ал мұнда ақшалылардан шындап маза кете бастаған. Мәселен, өткен жұмада күші екі күнді қамтыған санкциядан ағайынды Ротенбергтерге тиесілі СМП банк 9 млрд рублді жоғалтқан. Оның 4 млрд рублі – жеке тұлғалар депозитінен, ал 5 млрд рубль – заңды тұлғалар депозитінен бұзып алынған. Санкцияға ұшыраған тағы бір банк – «Ресейдің» шетелдік шоттарындағы шамамен 40 млрд рубліне, оған қоса резидент емес банктерге берген несиесі – 5,6 млрд рублі және резидент емес компанияларға берген несиесі – 8,3 млрд рубліне «құлып» салынған. Айналып келгенде, санкция таяғының ұшы тиген осы екі банктің қиын ахуалы жалпы ресейлік банк секторын шатқаяқтатып жіберген. 
 
Негізінен, Ақ үй инвесторларға кеңес айтпайды екен. Алайда бұл жолы олар өз принципін бұзып, инвесторларға ресейлік активтерге салым салмауға кеңес берген. Сондықтан бұл мәлімдемені жәй әшейін айтылған деп қабылдамау керек. Шетелдіктер солай етті де.
 
Осы дүйсенбіде қор биржасындағы ресейлік активтердің бағасы тағы да құлаған. Инвестициялық қорлар ресейлік активтерге салым салуды доғаруда деп хабарлады кеше The Financial Times. Басылым таратқан мәліметке сүйенсек, Вашингтонның Ресейге қарсы қабылдаған шарасы инвесторлар арасында дүрбелең тудырған. Қазір шетелдік инвесторлар ресейлік активтерінен тез құтылу үшін тызақтап жүр.  
 
Енді бағасы құнсызданып жатқан ресейлік активтер жайына келелік. Ресей кәсіпорындары мен банктері бүгінгі таңда батыс банктеріне кем дегенде 653 млрд доллар қарыз екен. Оның басым бөлігі – қысқа мерзімді борыш. Оның 266 миллард доллары кепілдікпен берілген қысқа мерзімді несие. Көбіне кепілдік ретінде Лондон биржасында саудаланатын ресейлік кәсіпорындардың акциясы алынады. Ал мұндай акциялардың құны соңғы кездері қатты құнсызданып кеткен. Мысалы, Новолипецк металлургиялық комбинатының бағалы қағазы 34 пайызға, «Вымпелкомдікі» 32 пайызға арзандаған. «Егер осындай фирмалардың акциясы кепілдікке алынса, онда банктер борышкерлерден қосымша депозит енгізуді талап етеді. Бір сөзбен айтқанда, ресейлік ірі кәсіпорындар маржа төлеуі тиіс. Ал Ресей территориясында жұмыс істейтін кәсіпорындар рубль бағамының төмендеуіне байланысты қосымша шығындарға бой ұруда. Өйткені олар кредиторлар алдында шетел валютасымен есеп-айырысады. Бұл - 1997 жылғы азиялық дағдарыстың және 1998 жылғы ресейлік дағдарыстың алдындағы көріністі қайталаушы фактілер. Аптасына қайта қаржыландырылып отыруы тиіс бірнеше миллиард доллар туралы айтып отырмыз. Бұл - үлкен пайыздар және үлкен кепілдіктер. Сондықтан оның ел экономикасына салмағы ауыр болады » деген Гуверовский институтының экономисі Михаил Бернштам ресейлік басылымға берген бір сұхбатында.
 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети