Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.88
EUR / KZT - 364.90
CNY / KZT - 47.85
RUB / KZT - 5.47

Украинадағы қару саудасы: шекарада тосқауыл бар ма?

27 Наурыз 2014, 17:57
0
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

 Елбасымыз осы аптадағы Нидерланд Корольдігіне ресми сапары барысында Гаагадағы үшінші жаһандық ядролық қауіпсіздік саммитіне Украина мен Қырым мәселесіне тоқталып, Украинадағы жағдайға қатысты өз ойын білдірді. Н.Назарбаев: «Кеңестер Одағы күйреген күннен бері Украина билігінің сыртқы саясатында тұрақтылықтың болмауы елді жікке бөлді. Экономиканы дамытуға қажетті деңгейде көңіл бөлінбеді. Қоғамдағы тұрақтылық пен төзімділікті сақтауға ден қойылмады. Тіпті украиндар әлі күнге дейін Ресеймен шекарасын шегендеген жоқ. Ал, Қазақстан керісінше, ыждаһаттылық танытып, Ресеймен, Қытаймен және басқа да көршілерімен шекарасын айқындап, бекітіп алды» деді. Президенттің бұл пікірінің астарында не жатыр? «Алаш айнасы» осы мәселеге зер салып көрген еді. 

 
Әңгімені Украинада басталық. Қазір мамандар бұл елдегі бейбіт акциямен басталған азаматтық қарсылық азаматтық соғысқа ұласып кетуі мүмкін екенін айтып жатыр. Себебі қазір Украина халқы қарумен қамтамасыз етілген. ІІМ-нің есебі бойынша жеке қолда шамамен 872 мың мылтық бар екен. Алайда сарапшылар бұл ресми цифр әлдеқайда төмендетіліп көрсетілгенін айтады. Мысалы, Small Arms Survey швейцария қару-жарақ жобасы Украинаның қара базары айналымында 3 млн қару жүр деп бағалайды. Енді осыншама қару көршілес мемлекеттерде жоқ деп айта аламыз ба? Жарайды, жоқ делік. Ол қарулардың шекара аспасына кім кепілдік бере алады.
 
Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15 000 шақырымнан астам ұзақтыққа созылып жатыр, оның 12 000 км-ге жуығы құрлық, 3 000 шақырымнан астамы Каспий және Арал теңіздері арқылы өтеді. Әрине, әлем бойынша жерінің кеңдігі бойынша тоғызыншы орын алатын біздің мемлекет үшін бұл шекараны қорғау аса оңай шаруа емес.
 
Мамандар әскери салада ешқашанда тоқмейілсуге болмайтынын айтады. Сонымен қатар бұл мәселе жайлы сөз болғанда жеріміз кең бола тұра, әскеріміздің саны аз екені еске түседі. Нақты деректерге сүйенсек, Қазақстанның әскер саны – 74 мың. Оның ішінде  құрлық әскерінің саны – 47 мың, әуе күштері әскерінің саны  – 19 мың, әскери-теңіз күштерінің саны 3 мыңға жуық екен. Жалпы, республикалық «Ұлан», Ішкі әскер және Төтенше жағдайлар министрлігі секілді салаларды қосқанда шекараны қорғайтын әскеріміздің ұзын-ырғасы 100 мың сарбаз деген сөз. 
 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай