27 наурыз 2014 18:00

Порноөнім қалтамызда жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

 Заманауи техниканың дамуы, адамдарды бойкүйездікке, жалқаулыққа, оған деген басыбайлылыққа тәрбиелеп бара жатқандай... Көшеде, аялдамада, автобус ішінде, кез-келген ортада экран бетіне үңілген жұрт. Түбі неге соғары белгісіз. Голливдтың қиял ғажайып  киноларындағыдай әлемге келе жатқандай екі ұдай сезім жетегінде қалдық. Тіпті, сәбидің өзі де сол «сүйкімді ойыншыққа» құмартуда. Бесік жырының орнына «диско» музыкамен ұйықтайтын сол шикі өкпелер туралы айта бастасақ, «музыкада тұрған не бар «әсіре ұлтшыл» болмай-ақ қойшы» дейтіндер де шығады. Ал, сол, ұлттық болмысты бойына сіңіріп өспеген жанның ертеңінен не күтуге болады? Осының салдарынан бұйығы, өзімшіл, қайрымсыз ұрпақ өссе ертеңнен не қайыр?

Шыны керек, кітапханаға баратындардың қатары сиреп барады. Ол шындық, қанша жерден том-томдап кітап шығарғанмен, күні ертең оның электронды нұсқасы қолыңа түседі. Сосын «помощник» «Айфад», «Айфонға»  электронды букка жүктеп аласың, сосын телміресің. Ұзақ мерзім экран бетіне үңілген жанардың нұры таятындығын медицина да дәлелдеп жатыр. Айтпағымыз, қалтафонның жас буынның санасына пайдасынан гөрі кері әсері көп болып тұрғандығы.  
 
Ұялы телефон — байланыс құралы
 
Автобус iшiнде үш жасөспiрiм қызу пiкiрталас үстiнде. Толықтау келген, 13-14 жастағы бала қолындағы “samsung galaxy s2-iн” төбесiне көтерiп бiр мақтанып алды. Алдыңғы қатарда отырған серiгi “ал менiкiн  көр” дегендей  финдiқ “Nokia” өнiмiн жарнамамалап жатты. Құлаққап кигенi болса, әңгiмеге аракiдiк араласып, өзiн ересектерше ұстауға тырысады. Иә, айтпақшы, оның қолындағысы американдық соңғы үлгiдегi “apple iphone-5”  телефоны екен. Әрине, қызғаныш жоқ. Дегенмен, осы сәт менi ерiксiз ойландырды.  Баладан ата-ананың аяры бар ма?  Ұрпағы үшiн жүрегiн суырып беруге дайын. Адамдарға айшылық алыс жерлерден жылдам хабар жеткiзетiн, жүздеспесе де  көргендей әсер беретiн қалтафонның пайдасы мол. Ұл-қызының аман-саулығын бiлiп отыруға құштар үлкендер үшiн ыңғайлы болған бұл техниканың тұрмысы нашар отбасынан шыққан балалар арасында әлеуметтiк теңсiздiк тудыратынын бiле ме екен? Оның үстiне, мектептегi ересек балалардың төменгi сынып оқушыларына әлiмжеттiк жасап, телефонын тартып алатын келеңсiз жағдайлардың болып тұратыны да жасырын емес.
 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети