27 наурыз 2014 18:02

Әлемде мұнай бағасы құлдырап кетсе не боламыз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 АҚШ пен Батыс Ресейге қарсы қолданған қаржылық санкциядан соң энергетикалық саланы қолға алмақшы. Ол үшін бүгінге дейін саудасына тыйым салынып келген Иранның мұнайын бұғаудан босатпақшы. Оған қоса Сауд Арабиясы, Ирак, Ливия да нарыққа шығаратын «қара алтын» көлемін арттыруға дайын. Осыған дейін мұнай импортшысы боп келген Вашингтонның өзі енді экспортшы рөліне көшпекші. Мұндай жағдайда әлемдік мұнай бағасы күрт құламақ. Ал мұнай құнсызданса, шикізат табысына байланған мемлекеттерге өте қиын болады. Бұл ретте осындай бір себептің салдарынан өткен ғасырда жер шарындағы алып держава – КСРО-ның ыдырағанын еске алсақ та болады.

Таяу күндері АҚШ президенті Барак Обама Сауд Арабиясына ресми сапармен бармақшы. Мамандардың топшылауынша, Обама араб ханзадаларынан халықаралық нарықтағы мұнай бағасын төмендетуге ықпал етуді сұрамақшы. Сөйтіп ол агрессивті райынан қайтару үшін ресейлік әріптесін тағы бір қыспаққа алып көрмекші.
 
Негізінен, тарихта Мәскеуге ықпал ету үшін АҚШ-тың араб ханзадалары көмегімен мұнай бағасын құлатқан оқиға болған. 1985 жылдың 13 қыркүйегінде Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Ямани өздерінің мұнай өндіруді шектеу саясатынан бас тартатындығын мәлімдейді. Осыдан кейін алты ай ішінде Сауд Арабиясының мұнай өндіру көлемі 3,5 есеге өскен, жыл соңында ол 6,5 есені құрайды, баға да сырғып төменге құлдилай жөнелген. Егер 1981 жылы мұнайдың бір баррелі 35 доллар болса, ол 1986 жылы 20 долларға барған. Бір жылда КСРО 13 млрд мұнай долларынан қол үзіп қалған. Ол кезде АҚШ КСРО-ның сырттағы, мәселен Ауғанстан секілді «қызыл нүктелерді» қамсыздандырудағы қаражатын қысқартуды көздеген.
 
Бұл жолы да Сауд Арабиясы АҚШ-тың айтқанын екі етпей орындауы ықтимал. Өйткені бұл екі мемлекет бағзыдан саяси және экономикалық мәселелерде әріптес, мүдделестер боп табылады. Ал өз кезегінде Вашингтон осыған дейін халықаралық нарықтағы шикізаттың 10 пайызын тұтынып келсе, енді осы еншісін Еуропалық одаққа атамақшы. Ал өзі экспортшы рөліне көшпек. Сол секілді Иранға салынған санкция күшін жойса, онда халықаралық нарықта мұнайға деген ұсыныс көбейіп, баға құлайды. Бір баррель 80 доллар болуы әбден мүмкін. Өйткені Сауд Арабиясының 2014 жылға арналған бюджеті 80 долларға негізделіп есептелген екен. Ал Ресей үшін бұл ауыр соққы болмақ. «Бір баррель мұнайдың құны 80 долларға төмендеуі әбден мүкін нәрсе, өйткені бұл баға АҚШ әріптестерінің көңіліне қонымды. Ал 2014-2016 жылдарғы бюджетте мұнайдың бір баррелі 97 доллар болады деп есептелген Ресей үшін үлкен қиындықтар туады» депті «Норд-Капитал» инвестициялық қорының аға сарапшысы Роман Ткачук ресейлік басылымға берген болжамында.
 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети