07 сәуір 2014 17:18

Легионер ме, миллионер ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

3 сәуірде футболдан Қазақстан премьер-лигасында өнер көрсететін командалардың трансферлік нарықтағы жұмыс уақыттары аяқталды. Яғни, біздің біріншілікте өнер көрсететін клубтар дәл осы күні команда қатарына жаңадан келген ойыншыларды тіркеу мерзімі бітті, деп хабарлайды «Алаш айнасы» газеті.


3 сәуірде футболдан Қазақстан премьер-лигасында өнер көрсететін командалардың трансферлік нарықтағы жұмыс уақыттары аяқталды. Яғни, біздің біріншілікте өнер көрсететін клубтар дәл осы күні команда қатарына жаңадан келген ойыншыларды тіркеу мерзімі бітті, деп хабарлайды «Алаш айнасы» газеті.

Биыл біздің біріншілікте көптеген жаңа ойыншылар қосылғаны белгілі. Әсіресе трансферлік нарықта елордалық «Астана» клубы алыс-жақын шет елдерден ойыншы шақыртуға белсенді болды. Сондай-ақ былтырғы ел біріншілігінің чемпионы «Ақтөбе» де құрамын шеттен келген легионерлермен толықтырды. Жаңа ойыншылардың тізімге енгізу кезеңі аяқталғаннан соң, әлемдегі футбол командаларының тиын-тебенін санап жүретін немістің Тransfermarkt порталы Қазақстан біріншілігіне келген жаңа легионерлердің трансферлік нарықтағы бағасын жариялапты.

Бұл порталдың тізімі бойынша Қазақстанда өнер көрсететін футболшылардың ішінде 25-жастағы «Астана» клубының қатарында доп теуіп жүрген беларусь жартылай қорғаушысы Ренан Брессанның нарықтағы бағасы жоғары болып тұр. Оны портал 2 000 000 еуроға бағалап отыр. Екінші орында да «Астана» футбол клубының ойыншысы Сисеру.Оның трансферлік құны - 1 500 000 еуро. Сонымен қатар ел біріншілігінде өнер көрсететін «Атырау» сапындағы Майкл Одибе мен «Ақтөбелік» Маркос Пиззеллиді де неміс порталы 1 500 000 еуро бағалауда.

Ал, «Астана» сапындағы Атанас Курдов пен «Ақтөбенің» шабуылшысы Данило Неко үшін бұл командалар 1 000 000 еуроға, Александр Гейнрих («Актөбе») пен Игор Бурзанович («Ертіс») үшін 800 000 еуро, Дамир Кояшевич («Астана»), Фокси Кетевоама («Астана») үшін 700 000 еуроға шығындалған.

Бұл тек Қазақстан біріншілігінде өнер көрсететін ең қымбат легионерлердің тізімі. Ал, бұл маусымда біздің елге кем дегенде 50 легионер келді деп, оның әрбірін 300 000 еуроға сатып алды дегеннің өзінде Қазақстан премьер-лигасындағы клубтар 15 000 000 еуроға шығындалды деген сөз бе?!

 

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети