Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 311.59
EUR / KZT - 349.39
CNY / KZT - 45.41
RUB / KZT - 5.50

Ресейдің шикізат экспортына санкция жарияланса Қазақстанға қалай әсер етеді?

08 Сәуір 2014, 17:58
0
©Алаш айнасы иллюстрациясы
©Алаш айнасы иллюстрациясы

Украинадағы жағдай Ресей қор биржасындағы бағаларды тағы да құлатты. Ресейлік акцияларды сатып кетіп жатқан инвесторлардың бұл осымен үшінші легі. Жалпы, инвестор қашса, ар жағынан Қызыл Кремль саясатын жазалаушы Батыстың кезекті санкциясының құлағы қылтиып шыға келетіндігі белгілі. Бұл жолы да сол көрініс қайталанғалы тұр. Мамандар кезекті санкция Ресей экономикасын қатты шайқалтады деп долбарлайды. Өйткені жуырдағы Иран саммитінде АҚШ жанынан «энергетикалық қаруды» алып шықпақшы екен...

Кеше Донецк облысы жеке республика боп Ресей Федерациясы құрамына кіргісі келетіндігін жариялады. Ол үшін аталған аймақ 11 мамырда жалпыхалықтық референдум өткізілмекші. Осы жаңалық қылаң берісімен онсыз да бір орнында қалт-құлт етіп әрең тұрған ресейлік акциялар нарығы төменге құлдырай жөнелді. Түскі уақытта РТС индексі 1200 пунктке төмендеп, 3 пайызын, ММВБ индексі 1352 пунктке құлап, 2,23 пайызын жоғалтса, ал кешкі құлдырау РТС бойынша 4,48 пайызға, ал ММВБ бойынша 3,35 пайызға сай келген. Соңғы кездері ақырындап күш алып келе жатқан рубль де әлсіреп, біршама құнсызданған. Рубль долларға қатысты 44 тиынға, евро 71 тиынға арзандаған. Жағымсыз бұл факті бүгін де ақырындап өз жалғасын табуда. Ресейдегі «Альфа капитал» басқарушы компанияның сарапшысы Андрей Шенк: «Украинадағы жағдайдың шиеленісе түсуі рубльде сақталған активтердің жаппай сатылуына әкеп соқты. Қор нарығына қатысушылар Украинаның шығыс территориясында Қырым сценариінің қайталануынан қауіптенеді. Сондықтан олар бұл жолғы экономикалық санкцияның соққысы қатты болады деп болжап, ақырындап кетіп жатыр» деген РБК басылымына берген сұхбатында.

Алдында Қырымдағы жағдайға байланысты «Газпром», Сбербанк, және ВТБ бағалы қағаздары қатты зардап шеккен. Осы жолғы шетелдік саясаткерлер мәлімдеп отырғандай, Украинаның шығысында Мәскеумен ұйымдастырылған бүлік салдары да бұларға тағы таяқ боп тиіп жатыр: «Интер РАО» (-5,99%), «Газпром» (-4,2%), Ресей Сбербанк (-4,07%), «РусГидро» (- 3,93%), ВТБ банкі (-3,57%). Саяси ахуалдың қиындауынан тұтынушысының 95 пайызы шетелдік боп табылатын Инвестбанк те қатты зардап шегіпті.

Сол секілді ресейлік олигарх Геннадий Тимченконың активтерін басқарушы Volga Group компаниясы кеше скандинавиялық Airfix Aviation Oy әуе тасымалдаушы компаниясын сатып жіберді. Ол алдында санкция жарияланғанға дейін әлемдегі ірі мұнай тасымалдаушы Gunvor компаниясындағы үлесін де сатқан болатын. Бір сөзбен айтқанда, бүгіндері ресейлік бизнестің жолын саясат кесіп, барлығы шетінен банкроттықтан қашып ресейлік бағалы қағаздарды жаппай сатып жатыр. Ресейлік экономистердің өзі Мәскеу-Киев қарым-қатынасындағы қиындық экономикалық апатқа алып келе жатқандығын мойнайды. «Күн өткен сайын біз саяси және экономикалық аласапыранға тартылып барамыз. Мұндай жағдайда қандай да бір жоғары рейтинг бізге көмектесе алмайды. Стратегиялық терминдер сөздігінде қазір бізге қатысты боп жатқан жағдайлардың түсініктемесі жоқ. Сондықтан біз қиын күндерге даяр болуымыз керек» деген ресейлік экономист Кирилл Логов мәскеулік бір басылымға берген сұхбатында. Сондай-ақ ол қор нарығындағы жағдайға байланысты білдірген осы пікірінде жуырдағы Иран саммитінде АҚШ Ресейге қарсы кезекті санкциясын жариялауы ықтимал, бұл жолғысы энергетикалық саланы қамтуы тиіс деген болжам айтады. Демек, осыған дейін Ресейді қаржы секторы арқылы «буындыруға» тырысқан АҚШ енді ел экономикасы тікелей тәуелді шикізат нарығын шектеуге қол салуы мүмкін. Мұндай жағдайда Қазақстанның шикізат экспортының Ресей арқылы өтетін жолы жабылады. Бұл шамамен Қазақстан шикізат тасымалының 40 пайызы деген сөз. Сондықтан екі алыптар қақтығысында бізге де оңай болмайды.

 

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай